Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өтті

    Орган
    akimat-munayli
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өтті
    НовостиАяқталды

    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шараларды дәріптеудің тетіктерін кеңейту бойынша 2023 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанында «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз қызметін жүзеге асырып келеді.

    Кеңесші орган мемлекеттік қызметкерлердің белсенді өмірлік дағдыларын қалыптастыру, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуы, яғни көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтуде өз қызметін жүзеге асырады.

    Орган әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығының артуы және оның қоғамдағы имиджінің жоғары деңгейінің қалыптасуына, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік, мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыруына және қатысуына, экологиялық бағыттарда өз көзқарастарымен бөлісуге оларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер туындатады.

    6 наурызда Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, жиынға кеңесші органның төрағасы Т.Жұмағұлов пен кеңесші органға тең төрағалық етуші Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Оралбай, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Исмагулова, еріктілер кеңесінің мүшелері мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелері және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылған отырыста мемлекеттік қызметтегі ардагерлерді ардақтау және мемлекеттік қызметте көпжылдық тәжірибесі бар білікті мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсету, мереке күндері мен төл мерекелерде назардан тыс қалдырмау бағытында алғыс жарияланды.

    Кеңесші органның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша атқарылған ерікті бастамалар талқыланды. Оның ішінде жыл басында орын алған шетелдік ұшақтың апатқа ұшырауы кезінде Маңғыстау облысының Әкімі мен Әкімдіктегі мемлекеттік қызметкерлердің ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шаралар туралы баяндама жасалды. Еріктілер кеңесінің тең төрағасы М.Оралбайдың баяндамасы негізінде өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға көмек қолын созуда Маңғыстау облысының Әкімі мен ондағы мемлекеттік қызметкерлер тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарған.

    Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, жиынға қатысушы мемлекеттік қызметтегі ардагерлер мен көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, еріктілер кеңесінің мүшелері жас мемлекеттік қызметшілермен еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.

    Жиын соңында кеңесші органның әрі қарай 2025 жылға арналған жоспары бойынша атқарылатын жұмыстар мен іс-шаралар пысықталып, кеңесші орган мүшелері белсенді қызмет атқару бойынша тисті тапсырмалар берілді.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі

    кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов

    Ұқсас материалдар

    НовостиАяқталды

    2025 жылдың 13 наурызында «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы төлемдері тақырыбында дәстүрлі «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналған Ашық есік күнінде өз қонақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы айтып, кез келген сұрақтарға жауап беру үшін қабылдады. Іс-шара күн тәртібіне көптеген қазақстандықтарды толғандыратын «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбы қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. БЖЗҚ мамандары оны виртуалды кеңістікте онлайн өткізді. Онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер қозғалды. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысқан салымшылар төлем тетігі туралы біліп қана қоймай, өздерінің болашақ зейнетақыларын зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеді. Олар шотты үнемі толтырып отырған жағдайда БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді едәуір ұлғайтуға болатындығына көз жеткізді. Ашық есік күні қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және белсенді пікірталас ретінде өтті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    20 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Баспасөз аңдатпасы

    «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылдың 13 наурызы күні Ашық есік күнін өткізеді. Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?». Зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар, оларға кімдердің құқығы бар, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. сауалдарға Қор мамандары жауап беріп, қолжетімді де түсінікті нысанда мысалдар келтіреді. Ашық есік күні 2025 жылдың 13 наурызы күні сағат 10:00-де онлайн форматта өткізіледі. Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз ( https://enpf.webex.com/weblink/register/r8d6b02b019654b763f826927615cdf1a ). Одан соң еvent-мәжіліс нөмірін ( 2517 206 2372 ) және еvent-мәжіліс құпиясөзін ( 123456 ) енгізіңіз. «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күнінде барлығыңызды қуана күтеді!

    11 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ-да өтетін ашық есік күніне шақырамыз: зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді. Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі - мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі - Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда - қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ). Зейнетақы қоры ұйымдастырған Ашық есік күні аясындағы онлайн-кездесуде әңгіме БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төңірегінде өрбімек. Онда Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы түсіндірілетін болады. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады. Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерін айтады. Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алынған ақпарат журналистерге зейнетақы төлемдері тақырыбын жете түсіну және қарапайым халыққа тарату үшін тиімді болса, кездесудің басқа қатысушыларына өмірлік маңызды мәселеде пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз ( https://enpf.webex.com/weblink/register/r8d6b02b019654b763f826927615cdf1a ). Еvent-мәжіліс нөмірі: ( 2517 206 2372 ) Еvent-мәжіліс құпиясөзі: ( 123456 ) БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    11 наурыз 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.