«Парыз» конкурсы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Парыз» конкурсы
    КонкурсАяқталды

    Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

    Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

    Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлыққарастырылған.

    Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдардыжергілікті атқарушы органдарғақағаз және электрондықжеткізгіштерде ұсынады.

    Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыс кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Өтінімдерді қабылдау - 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.

    Телефон: 8(7142)50-14-04

    Ұқсас материалдар

    Интернет-конференцияАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді. «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 781 мыңнан астам адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 395 мыңнан астам өтініш өңделді. Салымшылар мен алушылардың талқысына жиі түсетін ең маңызды тақырыптарды таңдап алған Қор мамандары сұрақ-жауап сессиясын өткізуді ұйғарды. 4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі. Кездесу интерактивті онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m936a8b127950318fa6eaceccb1172d70 Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 996 4210 Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 1234

    4 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін түсіндіру бойынша семинар

    Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін түсіндіру бойынша семинарға шақырады. Іс-шараны Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері өткізеді. Семинардың өтетін күні мен орны: Қостанай қ., Маяковский к-сі, 119, "Мирас" МҮ, 2025 жылғы 20 қараша сағат 10.00-де, тіркеу сағат 09.30-09.50-дейін.

    20 қараша 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.