1 мамырдан бастап Қазақстанның аридті аймағында бірінші жекеменшік орман-климаттық жобасы аясында далалық жұмыстарды іске асыру басталады. Жоба 1500 гектар тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қамтиды, мұнда су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, жергілікті орман өсімдіктерінің 3,5 миллион көшеті отырғызылады.
Бастама экожүйелерді қалпына келтіруге, топырақ сапасын жақсартуға және 30 жыл ішінде 1 миллион тоннадан астам CO₂ сіңіруге бағытталған. Жоба халықаралық VERRA (VM0047) стандарттарына, CCB талаптарына сай келеді және CCB Gold пен Abacus аккредитациясынан өтуде.
Өз питомнигін құру және тамшылатып суару жүйесін енгізу шығындарды оңтайландырып, тұрақты түрде ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында ізденістер, қаржылық модельдеу, мүдделі тараптармен кеңесулер және инфрақұрылымды енгізу кезеңдерін қамтитын жол картасы әзірленді.
📊 Жобаны еуропалық серіктес қолдап, халықаралық көміртек нарықтарында қаржыландыру және сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз етуде.
Жоба БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының 6 бағытына үлес қосады, оның ішінде:
климаттың өзгеруімен күрес,
құрлық экожүйелерін қалпына келтіру,
лайықты еңбек пен тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
"Біз нарықтық климаттық тетіктерді жерді ұтымды пайдалану бойынша тұрақты тәсілдермен біріктіру Орталық Азияда табиғи шешімдерді дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз," — деп атап өтті жобаның командасы.