
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты ММ хабарлайды:
05.06.2025 ж сағат 12-00, активтерді басқарудың сандық платформасында E-Qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінде «Әкімшілік ғимаратты сату бойынша аукцион» сауда-саттығы өткізіледі (бұрынғы әкімдік ғимараты)
Сауда-саттық нысаны: бағаны көтеру әдісімен аукцион
Объект: Қостанай облысы, Федоров ауданы, Лесное ауылы, Юбилейная көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимарат
Бастапқы баға: 33 436 821 теңге (отыз үш миллион төрт жүз отыз алты мың сегіз жүз жиырма бір) теңге
Кепілдік жарнаның мөлшері: 5 015 524 теңге (бес миллион он бес мың бес жүз жиырма төрт) теңге.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған деректемелер: «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ; БСК: KKMFKZ2A, ИИК:KZ24070105KSN0000000,КНП:911, КБК:301102 - Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; КБЕ:12 - ҚР Резиденті.
Өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімі: «Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Лесное ауылы, Кравченко көшесі, 19, тел: 87144232628,34528, эл.почта: [email protected]
Өтінімдерді қабылдау 20.05.2025-ден 05.06.2025-ге 11 сағат 55 минутқа дейін.
Сауда-саттықты өткізу тәртібі: Аукцион «бағаны көтеру» әдісімен өткізіледі.
Сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу:
Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:
1) сауда-саттыққа қатысуға өтінім
2) жеке тұлғалар үшін:
- салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жеке тұлғаның паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- банктен ағымдағы шоттың болуын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
заңды тұлғалар үшін:
- салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, жарғының көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
- салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
- банктен банк шотының болуын растайтын анықтаманың түпнұсқасы.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.
Банктен банк (ағымдағы) шотының болуын растайтын анықтаманың түпнұсқасы қайтарылмайды.
Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысуға өтінімді тіркегеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарна сомасына электрондық әмиянда ақша қаражатының болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Сауда-саттық жеңімпазын айқындау шарттары:
Жекешелендiру объектiсiн ағымдағы баға бойынша сатып алуға өзiнiң ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы аукцион жеңiмпазы деп танылады және осы жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлдi деп танылады.
Сатушының орналасқан жері мен телефоны:
Федоров ауданының Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты ММ, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Лесное ауылы, Кравченко көшесі, 19, тел: 871442-32628, 871442-34528