Ауыл шаруашылығы санағы

    Орны
    Республика Казахстан
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Ауыл шаруашылығы санағы
    ОбъявлениеАяқталды

    Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
    Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады.

    Қаржыландыру көздері:

    Республикалық бюджет қаражаты.

    Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері:

    - ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;
    - өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
    - іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.

    Өткізу мерзімдері:

    Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі:
    - 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;
    - сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
    - санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

    Санақ субъектілері:

    - заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары;
    - жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары

    Санақ объектілері:

    Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар

    Санақ қамтылуы:

    Қазақстан Республикасының барлық аумағында

    Тартылған кадрлар:

    Санаққа 5 мыңнан астам санақ қызметкерлерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарлануда.

    Информация для граждан

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    "СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты"КММ қызметінде СЖТІТ өткізу туралы хабарландыру

    "СҚО Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ өзінің ішкі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Барлық мүдделі азаматтар талдау жүргізуге Мичурин ауылдық округі әкімінің аппаратына немесе 87153724521 телефоны арқылы қатыса алады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің басталу күні 2025 жылғы 12 тамыз.

    11 тамыз 2025 ж.Тікелей
    Аппарат акима Мичуринского сельского округаsko-timiryazev-michurin
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.