Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы
    ОбъявлениеАяқталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық конкурсы

    Конкурстың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

    Конкурсқа барлық тілек білдіруші адамдар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғамдастық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.

    Конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

    - қоғамдық бақылау;

    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;

    - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;

    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

    Конкурс екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.

    Іріктеу кезеңі 2024 жылғы 23 қыркүйектен 20 қарашаға дейін өткізіледі.

    Конкурстың финалдық кезеңі 2024 жылды 29 қарашасында Қонаев қаласында өтеді.

    Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталатын, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады.

    Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру 2024 жылы 20 қарашаға дейінгі мерзімде [email protected] электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

    Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты

    8 (705) 727 40 00, 8 (707) 280 29 23 телефон арқылы алуға болады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.