
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
2026 жылғы 24 сәуірде Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. Бостандық ауданының білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) басшыларымен онлайн форматта (Zoom платформасында) кеңес өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты — педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызмет барысында осы қағидаттарды қатаң ұстанудың маңыздылығын талқылау. Жиын барысында №190 бұйрық талаптарын сақтау, педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу. Жұмыс барасында негізгі мәселелерге назар аудару: ▫️ білім алушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау; ▫️ әлеуметтік желілерде қызметтік әдепті ұстану; ▫️ әріптестер арасындағы өзара сыйластық қағидаларын сақтау; ▫️ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу; Аталған талаптарды сақтау — білім беру сапасы мен педагог мәртебесінің кепілі.
2025 жылғы 12 қарашада Департаменттің кезекті Консультациялық-кеңесші органының комиссия отырысы өтті. Отырыс барысында педагогтің өтініші қаралып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №190 бұйрығының талаптарын сақтамау фактілері талқыланды. Комиссияның қарауына сәйкес, мәселе жан-жақты зерделеніп, қорытынды бойынша Алматы қаласы Білім басқармасына тиісті ұсыныс жолданды. Департамент білім саласындағы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізуді жалғастырады.