
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініштеріне жедел және тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Тайтөбе ауылында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Қосшы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар сияқты салаларда мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
«Ашық есік күні» тұрғындарымызға қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және оларды көрсету мерзімдері туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Кері байланысқа ерекше назар аударылды: әр тұрғынның сұрақтар қоюға, өз дәлелдерін айтуға және шенеуніктерден жауап алуға мүмкіндігі болды.