
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б.Матаеваның қатысуымен 2025 жылдың 20 қарашасында Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар-кеңес өткізілді. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кейбір мәселелер туралы талқыланды. Сонымен қатар, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу, ойын мекемесіне барудан тартыну туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізілді.