«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады:
1. eGov/eGovmobile сайты;
2. Aitu мобильді қолданбасы;
3. Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
2 22
«e-Otinish» жүйесінен өзіңізге қажетті өңірдің әкімдігін тапқыңыз келе ме?
Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті:
1. Өтініш беру терезесін ашыңыз.
2. Меморганды іздеу өрісіне "әкімінің аппараты" тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, "Алматы әкімінің аппараты").
3. Іздеу түймешігін басыңыз.
Одан әрі ұсынылған нұсқалар тізімі түріндегі іздеу нәтижелерін көресіз.
Қажетті әкімдікті тауып, жүгінуіңіз сәтті өтсін!
3
Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «e-Otinish» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады
4
Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?
Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
2) «Менің өтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;
5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.
5
Өтініштерді қарау мерзімі қандай?
ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.
Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.
6
Өтінішті бақылауда ұстау?
«e-Otinish» ашықтық пен адалдықты қолдайды!
Өтініш бергеннен кейін сіз оның қаралу барысын жеке кабинетте төмендегі мәртебелер арқылы қадағалай аласыз:
1 - Тіркелмеді (Техникалық қатеге байланысты өтінішті қайта жіберу талап етіледі)
2 - Тіркелді (Өтініш жүйеде сақтаулы және қажетті мемлекеттік органға жіберілді. Осы сәттен бастап жауап берудің 15 жұмыс күндік есебі басталады)
3 - Орындалуда (Өтініш бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр)
4 - Орындалды (Өтініш бойынша жауап берілді)
Өтінішіңіздің мәртебесін міндетті түрде тексеріп отырыңыз! Егер өтініш интернеттің тұрақсыздығына немесе аудио/видео файлдардың қамтылуына байланысты тіркелмеген болса, бұл өте маңызды.
7
“Тіркелмеді“. Жүйедегі қате ме?
Егер сізге “Тіркелмеген“ мәртебесі шықса, демек төмендегілерді тексеріңіз:
1. Салынған файлдар саны 10 бірліктен аспайтынын;
2. Салынған файлдардың жиынтық мөлшері 80 мб-дан аспайтынын;
3. Қоса берілген файлдарда бейне және аудио материалдардың жоқтығын;
4. Жеке кабинетте телефон нөмірі дұрыс көрсетілгенін (қалалық нөмірлерді көрсетуге болмайды).
Егер осы тармақтардың бірін тапсаңыз, оны түзеп, өтінішті қайта беруді ұсынамыз.
8
«93-бап бойынша толықтыру» дегеніміз не?
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 93-бабына сәйкес, жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген “Шағым“ типті жолданымда, хаттамада төмендегілер көрсетіледі:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, төлемді растайтын құжатты ұсынуыңыз керек.
Шағым беру кезінде ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз.
1
Заңды тұлғалардан «e-Otinish»-ке өтініш берудің 10 қадамы?
Қазіргі уақытта платформада заңды тұлғаның мобильді нұсқадан өтініштерді онлайн режимде беру мүмкіндігі жоқ.
Еotinish-тің web нұсқасы арқылы https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өтініш беруге немесе ХҚКО-ға, "Нәтиже" бөліміне жүгінуге болады.
Заңды тұлға өтініш беру үшін төмендегілерді орындау қажет:
1. https://eotinish.kz сілтемесі бойынша өту;
2. Сервисте авторлану:
4. Өтініш түрін таңдау (әдепкі түрі - Арыз);
5. Қажетті мемлекеттік органның атауын енгізіңіз;
6. Өтініш мәнін сипаттау;
7. Қажетіне қарай файлдар тіркеу (аудио және видео файлдар, сондай-ақ жиынтық көлемі 80 мб-дан асатын файлдар қоса берілмейді);
8. Нақты тұратын мекен-жайын көрсету;
9. ЭЦҚ арқылы қол қою және жіберу;
10. Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі.
Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.-30.07.2026 жыл аралығында мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
«Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға міндетті. Бағдарламалар және олардың жобалары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік сипатында және әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекелестікті арттыруға бағытталуы тиісті. Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни: 1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған; 2) жойылу сатысында емес, банкроттық деп танылмаған; 3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жалақыға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының болмауы қажет; 4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдардың іс-әрекетін қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған; 6) конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық көлемде тапсырған. Үміткерлер келесі құжаттарды « hr.enbek.kz» сайты арқылы ұсынуы қажет: 1) осы ереженің қосымшасына сәйкес толтырылған өтінім; 2) үміткердің қызметінің деңгейін бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің нақты нәтижелерін сипаттайтын есептілік. Есептілікте келесілер қамтылуы қажет: заңды немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпараттар; 3) есептілікте қосымша ретінде ұжымдық шарттар мен өзге де құжаттардың көшірмесі қамтылуы қажет; 4) қосымшаға сәйкес сауалнаманы толтырып ұсынуға. Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды. Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен жайдан алуға болады: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Б.Майлин көшесі №5. «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ. Телефон: 23-2-70
1) Жобаның атауы : « Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспары. Түзету». 2) Әсер ету аумағы мен координаттары: Әкімшілік - аумақтық бірлік : Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті. Әсер ету аумағы ның г еографи ялық координат тар ы: 879627, 67.218433; 43.938824, 67.240920; 43.940685, 67.312503; 43.931753, 67.321601; 43.869941, 67.265811. 3) Өткізілетін орны және басталу мерзімі мен уақыты : 2026 жылдың 13 мамыры, сағ. 11:00, ызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М. Көкенов көш., 4, Мәдениет үйі. 4) Бастамашының р еквизит тері және байланыс деректері : «Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ, 8 (72435) 79-1-54, [email protected]. 5) Жобаны әзірлеушінің р еквизит тері және байланыс деректері : «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС, 8 (727) 279-04-57, [email protected]. 6) Құжаттармен танысу : https://ndbecology.gov.kz ақпараттық жүйесіне сілтеме Жергілікті атқару органдарының https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/3?lang=ru . интернет-ресурс ына сілтеме 7) Қосымша ақпарат тар мен құжаттардың көшірмелерін сұрату: Электрон дық адрес: [email protected]. Телефон: 8 (72435) 79-1-54. 8) Ескерт пе лер мен ұсыныстарды жолдау керек: Уәкілетті орган: Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы: [email protected], Қызылорда қ., Бейбарыс Сұлтан көшесі, № 1, тел: 8-(7242)-60-53-62, 605369 немесе https://ndbecology.gov.kz/.адресіне. Жергілікті атқару органы ( ЖА О): Жаңақорған ауданының әкімдігі, адрес: 120399, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, М. Көкенов көшесі, №37, e-mail: [email protected]. 9) https://us06web.zoom.us/j/83889695992?pwd=BSJjxOQS6axbm54h1aka0LqO0YCZli.1 . Бейнеконференцбайланысқа (Zoom) сілтеме Конференция и дентификатор ы : 838 8969 5992 Кіру коды : 002380 Отчет по СЭО Жанакорган Пояснительная записка ГП Жанакорган уменьш Резюме отчета по стратегической экологической оценке ГП-13 схема Охрана окружающей среды 29.12.2025 https://www.youtube.com/@JSSKazgiprograd/playlists Протокол собранный на портал с документами
Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты, Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.04.-30.04.2026 жыл аралығында мерзімде жүргізіледі. Жоғарыда аталған мекемелердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпараттык [email protected] электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз. Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экологиялық кодексінің 57-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган – әзірлеуші стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті оның сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспары. Түзету» қала құрылысы жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп келіп түсті. Бас жобалаушы : «Казахстанский ПИ «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС. СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС. Тапсырыс беруші: «Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ. СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган : Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз: Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз? Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және не үшін? СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге? Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма? Қарастырылып отырған жобалау кезеңінің басталу және аяқталу мерзімдері: - бастапқы жыл - 2024 ж.; - құрылыстың бірінші кезегі - 2030 ж.; - есептік мерзім - 2040 ж. Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылдың 17 желтоқсанынан бастап, 2026 жылдың 16 қаңтарына дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 16 қаңтары). Байланыс деректері : Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Экологиялық саясат департаменті Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83, 8 7076173174. e-mail: [email protected] Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады: - электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: [email protected] (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет); - e-mail: [email protected] ; - 8 7076173174 «WhatsApp» номеріне. СЭБ бойынша материалдар: 1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) 2) тапсырыс беруші Жаңақорған ауданы әкімдігінің сайтында. Пояснительная записка Отчет по стратегической экологической оценке