Құқықтық мәртебені реттеу қажеттілігі туралы ескерту

    Орган
    mfa-moscow
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 «Ресей Федерациясында шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың жекелеген санаттарының құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы» Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығын орындауға байланысты, Ресейде болу ережелерін бұзған шетел азаматтарына 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейін өздерінің елде болуын заңдастырулары қатаң түрде ұсынылады.

    2025 жылғы 10 қыркүйектен кейін құқықтық мәртебені реттеу мүмкін болмайды. Осы күннен бастап елде болудың заңды негізін жоғалтқан шетел азаматтарына оларды Ресей Федерациясынан шығару шаралары қолданылғанға дейін, заңда көзделген барлық шектеулер қойылады, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу қарастырылған.

    Естеріңізге саламыз, шетел азаматтарының Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 90 тәулікпен шектелді (сілтеме) (бұрын 180 күн ішінде 90 тәулікке дейін болуға рұқсат етілетін).

    Ресей Федерациясында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер туралы

    Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімі өз келушілерінің назарын аударады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 21 шілдедегі № 11-1-4/433 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 9 тамыздан бастап консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер енгізіледі. Паспорттын ресімдеу – 10.000 ресей рублі Қазақстан Республикасының визаларын беру Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа – 8.000 ресей рублі Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) бір жылға дейін - 20000 ресей рублі екі жылға дейін - 40000 ресей рублі үш жылға дейін - 60000 ресей рублі төрт жылға дейін -80000 ресей рублі бес жылға дейін -100000 ресей рублі Туристтік виза: бір мәртелік – 6000 ресей рублі көп мәртелік – 9000 ресей рублі Транзиттік виза: бір мәртелік – 2000 ресей рублі көп мәртелік – 9000 ресей рублі Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу - 14000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу – 10000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу - 10000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу – 15000 ресей рублі Азаматтық хал актілерін тіркеу Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру – 2500 ресей рублі Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру - 3500 ресей рублі Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру (әрбір куәлік үшін) - 4500 ресей рублі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу - 2500 ресей рублі Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу - 2500 ресей рублі Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру - 2500 ресей рублі Құжаттарды талап ету Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін) – 3000 ресей рублі Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін) - 3500 ресей рублі Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін) - 3500 ресей рублі Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру – 5000 ресей рублі Мұраға құқық туралы куәлiктер беру – 5000 ресей рублі Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру –5000 Ресей рублі Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру - 3000 ресей рублі Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн) – 3000 ресей рублі Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру – 4000 ресей рублі Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру – 2500 ресей рублі Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру – 2500 ресей рублі Құжаттар берiлген уақытты куәландыру – 2500 ресей рублі Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру – 3000 ресей рублі Дәлелдемелерді қамтамасыз ету – 3000 ресей рублі Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру - 5000 ресей рублі

    12 тамыз 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.