2025 жылдың 21-24 тамыз аралығында «Алдын адам кубогы» ІІІ халықаралық бокс турнирі өтеді».
Салтанатты ашылу рәсімі: 21 тамыз, 14.00-де.
Жарыстың басталуы: 21 тамыз, 14.30-да.
Өтетін орны: Еңбекшіқазақ аудандық №1 БЖСМ, Есік қаласы, Набережная көшесі, 152.
Жарыста еліміздің әр аймағынан 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер, сондай-ақ Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген спортшылар күш сынасады. Барлығы 150 қатысушы. Олар 10 салмақ дәрежесінде (50 кг +90 кг) бәсекеге түседі.
Мақсаты: елімізде жастар боксын насихаттау және дамыту; спортшылардың тәжірибесін шыңдап, біліктілігін арттыру; халықаралық спорттық байланыстарды нығайту.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 24 тамызда финалдық жекпе-жектен кейін өтеді.
Жеңімпаздарға чемпиондық белбеулер, сондай-ақ «Үздік боксшы», «Үздік жаттықтырушы» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады. 1, 2, 3-орын алған спортшыларға Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағы беріледі.
Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы.
Байланыс телефоны: +7 701 777 4187 (Тілек Манап).