
Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы аталып өтуде. 30 жыл бұрын халқымыз тарихи таңдау жасап, басталған реформаларға адалдығын және қоғамды одан әрі жетілдіруге ұмтылысын растады.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз — мемлекеттілігіміздің берік негізі, еліміздің орнықты және тұрақты дамуының сенімді кепілі.
Конституцияны құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау – азаматтық жоғары жауапкершіліктің, шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.
Мемлекет пен қоғам өмірінің негіздерін айқындай отырып, Конституция азаматтардың мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын басты орынға қояды. Сондықтан елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру.
Қуаныштысы – біздің аудан да күннен-күнге жаңарып, көркейіп келеді. Соңғы бес жылда азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да ауданды дамыту жолында көптеген жарқын үміттер мен жоспарлар жүзеге аса берсін.
Осы мерекелі күні баршаңызға бақыт, бейбіт өмір, ізгілік пен бақ-береке, еңбекте табыс пен Тәуелсіз Қазақстан игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін!
Әрбір отбасында амандық, ертеңгі күнге деген сенім мен береке орнасын! Жаңа белестерге ұмтылыс бізді үлкен жетістіктерге жеткізсін!
Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Балбаева