30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.
    ПоздравлениеАяқталды

    Құрметті жерлестер!

    30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.
    Биыл еліміздің Ата Заңы - Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
    1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция мемлекеттілігіміздің, берік іргетасы болып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолын
    айқындап берді.
    📖 Конституция - әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, демократиялық құндылықтардың негізі.

    30 жыл ішінде Конституция ел бірлігінің,
    тұрақтылық пен жасампаздыктың символына айналды.
    Баршаңызды Қазақстан Республикасының
    Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Ата заңымыз асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

    Құрметпен,
    Кеңгірбай би ауылдық округінің әкімі Дархан Амангелдіұлы.

    Культура и спорт

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеАяқталды

    1 қыркүйек - Білм күні!

    Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын ! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап,білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

    1 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.