2025 жылдың округ бюджеті 33678,5 мың теңге бекітілді, оның ішінде субвенция 23899,0 мың теңге, трансферт 3137,0 мың теңге, салық түсімдері 6642,5 мың теңге. 2025 жылдың 01 шілдесіне 18750,0 мың теңге игерілді (жоспар бойынша 99,9 %)
бюджет округа
Бюджжет округа на 2025 год утвержден в размере 33 678,5 тыс. тенге, в том числе субвенция составляет 23 899,0 тыс. тенге, трансферт – 3 137,0 тыс. тенге, налоговые поступления – 6 642,5 тыс. тенге. По состоянию на 1 июля 2025 года освоено 18 750,0 тыс. тенге (99,9% от плана).
2 Салық және басқа да төлемдерді жинау .
Салық және басқа да төлемдерді жинау 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
2025 жылдың 6 айында салықтың жалпы сомасы 4605,4 мың теңге жиналып 69% құрады.
Табыс салығы – 593,0 мың теңге
Мүлік салығы – 24,3 мың теңге
Жер салығы – 10,6 мың теңге
Жеке тұлғалар үшін көлік салығы – 1308,6 мың теңге
Заңды тұлғалардан көлік салығы – 0 теңге
Жер учаскелерді пайдалану түсімдері – 657,4 мың теңге
Біріңғай жер салығы – 731,6 мың теңге
Мемл. мекемелерге бекітілген мемлекет. мүлікті сату – 1279,9
Белтерек ауылдық округі аумағында 3 елді мекен: Белтерек, 8-Март ауылы және Балақтыкөл стансасы орналасқан. Округте - 142 шанырақ, 577 адам тұрады. Осы аралықта дүниеге келген нәресте -1, қайтыс болғандар – 3 Зейнеткерлер - 86, «Тыл ардагерлері» - 1, «Алтын алқа» иегерлері 6, «Күміс алқалы» аналар – 9, 18 жасқа дейін 4 және одан жоғары баласы бар аналар – 14, мүмкіндігі шектеулі – 24. Округте 2 мектеп, 1 медициналық пункт, 1 мал дәрігерлік пункт, 1 шағын наубайхана, 3 дүкен, 1 мәдениет ошағы, 2 тойхана, 1 мешіт, 1 шағын футбол алаңы жұмыс істеп тұр. Инвестиция бойынша «Шуақ» шаруа қожалығы: - трактор «Белорус – 82.1 – 8 млн 700 мың теңге; «Омарғали» шаруа қожалығы: - трактор «Белорус – 82.1 – 9 млн 700 мың теңге; - шапқы – 3 млн 400 мың теңге; - пресс – 4 млн 100 мың теңге; «Зейнелгабиден» шаруа қожалығы /лизинг/: - трактор «Белорус – 82.1 – 9 млн 700 мың теңге; - ірі қара малын табынды қалыптастыру 22 бас – 4 млн 400 мың теңге; «Аружан-Өскемен» ЖШС – 30 бас асыл тұқымды / Симментал/ сүт және ет бағытындағы аналық ірі қара Ақмола облысы Бурабай ауданынан – 15 млн.теңгеге. «Бура» шқ 2 бас асыл тұқымды /Қазақтың ақбас/ бұқа – 2 млн теңге Барлығы – 57 млн. теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылық техникасын лизингке беру бағдарламсы бойынша «Темирхан» шаруа қожалығы құжаттарын дайындауда. Меншікті кіріс 2025 жылға Белтерек ауылдық округінің жергілікті өзін-өзі басқаруына берілген салықтардың 6 түрі бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспар 4 млн 727 мың теңге, 4 айдағы түсім 3 млн 888 мың 400 теңге, 82 пайызы орындалды: Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы Белтерек ауылдық округінің 2025 бюджетінің кіріс бөлігі 32, 578, 5 мың теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде субвенциялар – 23, 899,0 мың теңгені, меншікті кірістер болжамы – 4,727,0 мың теңгені, нысаналы трасферттер- 3,137,0 мың теңгені құрады. Сәйкесінше округ бюджетінің шығыс бөлігі – 32, 578,5 мың теңгені құрады. 2025 жылға арналған округ бюджетіне республика және облыс бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 365,0 мың теңгені құрап, келесі шығындарға бағытталды: - техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу – 40.0 мың теңге; - міндетті зейнетақы төлеміне төлеу – 325,0 мың теңге. Аудан бюджетінен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 2,772,0 мың теңгені құрап, келесі шығындарға бағытталды: 8-Март және Бельтерек ауылдары көше жарығының электр қуатын төлеуге – 1,795,0 мың теңге, 8-Март ауылындағы көше жарығына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 977,0 мың тенге. 2025 жылдың 4 айына бюджет 11 700,0 мың теңге құрады, 99,9% игерілді. Ауыл шаруашылығы саласы Округте барлық ауыл шаруашылық құрылымдары 50, оның ішінде 48 шаруа қожалық ( «Арго» ш/қ жабылып, жаңадан «Кәусар» ш/қ құрылды), 2 жауапкершілігі шектулі серіктестік («Аружан-Өскемен» және «Қасымбек –К») шаруашылықтарын өркендетуде. 2025 жылдың 01 мамырға округ бойынша (ИСЖ бойынша) барлық мал саны: ІҚМ – 5108 бас. Ұсақ мал – 15756 бас. Жылқы – 3307 бас. Құс – 1021 Егін шаруашылығы Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар жоқ. Үй шаруашылықтарында (картоп, көкөніс егетін) егістік жерлер - 0,4 гектар. Жер қатынастары Белтерек ауылдық округінің 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жобасы жасалып, Жарма аудандық жер қатынастары бөліміне берілді. Ветеринария саласы О кругте мал дәрігерлік пунктте 1 меңгеруші мал дәрігер, 4 ветфельдшер, қызмет көрсетеді. Жоспар бойынша барлық профилактикалық жұмыстар (аусыл, сібір жарасы, нодулярлы дерматитке екпе егілді, 2700 ірі қара, 2900 ұсақ малдан қан сынамасы алынды, 1600 бұзау, 2000 қозы, лақ сырғаланды) жүргізілуде. Шағын және орта бизнес саласы Тұрақты жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны - 9, оның ішінде 2 дүкен, 1 наубайхана, 2 тойхана, 2 мал бағытындағы кәсіпкерлер жұмыстарын жүргізуде. Халықты әлеуметтік қорғау саласы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының» жылдық жоспары бойынша: тұрақты жұмыс орындарына орналасу жоспар-5, орындалуы-2; «Күміс жас» жоспар-6, орындалуы-6; әлеуметтік жұмыс орыны жоспар-1, орындалуы-1; ақылы қоғамдық жұмыс-7, орындалуы-7 (3 әкімшілікте, 4 ш/қ); жастар практикасы-1, мектептер сұраныс берді. Қоныс аудару-2 отбасы, қандас-1 отбасын көшіріп әкелу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атаулы әлеуметтік көмек алушы жоқ. Белтерек ауылында 1 әлеуметтік қызметкер 5 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Білім саласы бойынша Округтегі екі мектепте барлығы 67 оқушы: Қажыкелді атындағы негізгі мектепте оқушылар саны - 40, даярлықта – 6, кіші орталықта-15, мұғалім-17, қызметкер-14. Қажыкелді атындағы негізгі мектеп жылу жүйесін жөндеуге жобалық – сметалық құжат (сметалық жоспар - 5 млн) дайындалып, аудандық экономика және бюдетті жоспарлау бөліміне тапсырылды. Балықтыкөл негізгі мектепте оқушылар - 27, даярлықта –3, кіші орталықта - 8, мұғалім - 8, қызметкер - 13. Балықтыкөл негізгі мектеп қоршауын, терезелерін және кіші орталық жиһаздарын ауыстыруды қажет етеді. Медицина саласы Белтерек ауылындағы медициналық пунктте 2 медбике, 1 санитар 232 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Балықтыкөл стансасы, 8-Март ауылы бойынша бір медбике 130 адамға медициналық қызметті үйден көрсетеді. Екпелер, қан сынамасын алу, профилактикалық жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Әскери қызмет саласы Әскерге шақырушылар бойынша 2 азамат әскер қатарында, 1-еуі әскери борышын өтеп келді. Жергілікті инфрақұрылым Округтегі елді мекендердегі жарықтандыру бағандары барлық 69, оның ішінде Белтерек ауылында - 54, 8-Март ауылында –15. «Мал сою пункіт» ғимараты аукцион арқылы сатылды. «Жер асты су құбыры обьектісі» құжаты заңдастырылып, тіркелді. 8-Март ауылындағы медпунк ғимараты биылғы жылы сатылымға қойылады. Абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық бойынша : «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбіліктер өткізіліп, әлеуметтік желілерде жариялануда. Округтегі екі мектептер маңайы тазаланды. Белтерек, 8-Март ауыл көшелері, орталық саябақ қоқысан тазаланды. Екі ескерткіштерге, көше жарығы бағандарына абаттандыру (әктеу, бояу) жұмыстары жүргізілді. Орталық саябаққа барлығы 107 тал көшет отырғызылды. Округтегі елді мекендердегі аулалар, ғимараттар маңы тазаланып, барлығы 43 тонна қоқыс шығарылды. Қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтын алдын алу. Белтерек ауылдық округі бойынша қылмыс, жол көлік оқиғалары болған жоқ. 2025 жылдың 18 ақпаны, 10 сәуір күндері темір жолы бойында орналасқан Балықтыкөл стансасы, жақын орналасқан 8-Март ауылы тұрғындарына және Белтерек ауылында учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, жол жиегінде түн мезгілінде қараусыз жүрген малдардың қатысумен болатын жол көлігі уақиғаларының алдын алу мақсатында, малдың сырғалануы, жылқы малының чиптелуі, таңбалануы, малдың бағылуы туралы, сондай-ақ интернет алаяқтық туралы түсіндіріу кездесулер және жиналыстар өткізіліп, ескерту парақшалар таратылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Көктемгі су басу қаупының алдын алу мақсатында елді мекендердегі арықтар, су өткізгіш ұңғымалар тазаланып, қар суының жиналуын болдырмау үшін 50 қап инерттік материалдырға толтырылды. Өрт қауіпсіздігі кезеңіне Белтерек ауылдық округі бойынша «Жедел топ» еріктілерден жасақталып 100 дана өрт сөндіру құралдары дайындалды. Мерекелік мәдени, спорттық іс-шаралар. Окруте жыл басынан мәдени және спорттық іс-шаралар жоспар аясында өткізілеуде. Тұрғындар мен бүлдіршіндерге арналған «Жаңа жыл мерекесі» мерекеленді. 15-ақпан Ауған соғысы ардагерлері күні «Ауғанда от кешкендер» атты стөл тенисінен, дойбыдан спорттық жарыс өтті; 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, «Наурыз» мейрамы, Наурызнама оңкүндігі мерекеленді. 1- Мамыр «Бірлік күні» дөңгелек үстел өтті. Аудандық «Би әлемі» байқауынан Қажыкелді атындағы негізгі мектеп оқушылары «орта топ» 3 орын, Балықтыкөл негізгі мектеп оқушылары «кіші топ» 3 орын иеленді; Аудандық «Айналайын» ән байқауында 3 бала қатысып, ақтық сынға жолдома «Сертификат» алды; ҰОС 80 жылдығына арналған ардагерлер кеңесі ұйымдастырған патриоттық әнер сайысы 7 округ ардагерлері арасында Белтерек ауылдық клубта ойдағыдай өтті. Округ ардагерлері аудандық сайыста 3 орын иеленді. 9-Мамыр Ұлы жеңістің 80-жылдығымен Тыл ардагері Дюсенбаева Азия апамызға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерекелік медаль табысталды. Мейрам күні мерекелік, спорттық іс-шаралар өтті. 2025 жылдың 12 мамырында 8- Март ауылы, Балықтыкөл тұрғындарымен округ әкімінің есепті кездесуі өтті, ұсыныс, сұрақтарға жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышында көрсетілген қызмет саны – 15, Е-өтініш арқылы түскен өтініштер саны – 5, Е-лицензиялау арқылы түскен өтініштер саны – 4.