Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

    Орган
    mfa-tel-aviv
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Монако Князімен кездесті

    2025 жылғы 23 қыркүйек

    АҚШ, Нью-Йорк қаласы

    Нью-Йорк қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князі ІІ Альбермен кездесу өткізді.

    Президент Қазақстан мен Монако арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің мол әлеуеті бар екеніне тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Князь ІІ Альберді елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

    Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді

    Қасым - Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді 2025 жылғы 07 қараша Вашингтон қаласы , АҚШ Ақ үйдегі кездесуде Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ Президентіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды. Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады. Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Әңгімелесу барысында екіжақты ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқыланды, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

    11 қараша 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан СІМ басшысы ФАО Бас директорымен кездесу өткізіп, «Қазақстан» бөлмесінің ашылуына қатысты

    Қазақстан СІМ басшысы ФАО Бас директорымен кездесу өткізіп , « Қазақстан » бөлмесінің ашылуына қатысты Рим , 2025 жылғы 13 қазан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жұмыс сапары аясында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті. Кездесу барысында Министр Ұйымның 80 жылдығымен құттықтап, оның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Қазақстан СІМ басшысы ҚР мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру басталғанын атап, осы бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді. Тараптар өзара іс-қимылды ілгерілету жолдарын талқылап, су ресурстары саласындағы серіктестіктің екінші бағдарламасын құру мүмкіндігін қарастырды. Кездесу соңында Е.Көшербаев пен Ц.Дунъюй Ұйымның барлық мүше мемлекеттері мен Хатшылығы үшін ашық көпфункционалды кеңістік болып табылатын ФАО штаб-пәтеріндегі «Қазақстан» бөлмесінің ресми ашылуына қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Министр бұл іс-шара 1997 жылы еліміз Ұйымға кірген сәттен басталған Қазақстан мен ФАО арасындағы тығыз және жемісті ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең екенін атап өтті. «Соңғы жылдары біздің ФАО-мен, оның ішінде Қазақстан-ФАО серіктестік бағдарламасы шеңберінде өзара іс-қимылымыз негізгі секторларда кең ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл залдың ашылуы тек ізгі ниет қана емес, сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен қағидаттарына деген бейілділігіміздің айқын дәлелі», – деп атап өтті Е.Көшербаев.

    16 қазан 2025 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

    Қазақстан мен Израиль СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті Астана, 2025 жылғы 8 қазан – Израиль тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті. Г.Саар әріптесін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. ҚР СІМ басшысы алғысын айтып, екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жан-жақты дамытуға дайын екенін растады. Сұхбат барысында өзара биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    8 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15–16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді. Бұл Астана халықаралық форумы (AIF) аясында өткізіліп отырған және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастыратын сараптамалық орталықтардың екінші форумы. Өткен жылы ауқымды шараға 22 елден 45 сарапшы қатысты. Осы уақыт ішінде Astana Think Tank Forum халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаудың беделді жаһандық сараптамалық алаңына айналды. Тоғыз сессия аясында тиянақты талқылау үшін жетекші державалардың бәсекелестігі жағдайындағы көпжақты ынтымақтастықтың келешегі, қауіпсіздік архитектурасының трансформациясы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелері, жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азияның орны және Ауғанстан факторы, жаһандық нарықтардың фрагментациясы кезеңіндегі инвестициялар, Еуразиядағы сауда-көлік дәліздерінің дамуы, жасанды интеллект және оған қатысты этикалық мәселелер, климаттың өзгеруі мен су ресурстарына қатысты проблемалардың демографиялық үдерістер мен көші-қонға ықпалы секілді маңызды тақырыптар алынды. Astana Think Tank Forum зерттеушілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, үкіметтер мен іскер топтар арасында ашық және сындарлы диалогты дамытуға бағытталған. Форум міндеттеріне әлемде тұрақтылық пен сенімнің артуына ықпал ететін инклюзивті және ұзақ мерзімді ынтымақтастық форматтарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастардағы әріптестікті дамытуға үлес қосатын жауапты және белсенді «орта держава» ретіндегі позициясын нығайту кіреді. Форум туралы ақпаратты AIF – astanainternationalforum.org сайтынан табасыз.

    30 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті

    Мемлекет басшысы Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретініне назар аударды. Былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады. Әңгімелесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға зор әлеует бар екені атап өтілді. Әсіресе, аса маңызды минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікке мүмкіндік мол. Барт де Вевер екіжақты күн тәртібін талқылауға уақыт тапқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Король Филипптің ізгі тілегін жеткізді.

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөз жүргізді 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты. Кездесуде әлемдегі қазіргі геосаяси ахуалға баса мән берілді.

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді 2025 жылғы 24 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды. Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 2025 жылғы 23 қыркүйек АҚШ, Нью-Йорк қаласы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды. Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.