
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
2025 жылғы 30 желтоқсанда департамент басшысы З.Гумарова білім басқармасы алқа отырысында 2025 жылғы бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндама жасады. Есепті жылдың ішінде департаментпен 886 бақылау шарасы өткізілді, оның ішінде білім беруді басқары органдарына қатысты 4 жоспарлы тексеру (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 59-1 бабына сәйкес) және 5 жоспардан тыс тексеру, соның ішінде 1 білім беру бөлімі мен 4 білім беру ұйымы. Сондай-ақ 2025 жылы білім беру мониторингтері және 17 лицензия алу алды бақылаулар жүргізілді. Сонымен қатар, 138 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаумен қамтылды, оның ішінде 48 бала бақша және 90 мектеп. Аттестаттау қорытындысы бойынша 3 мектеп және 2 бөбекжай бірінші кезектен аттестаталды. Алайда, тестілеу нәтижелері бойынша 2 мектеп белгіленген межелі деңгейге жете алмады. Департамент басшысы баяндамада әдістемелік жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті, өйткені оның сапасы білім ұйымдарының аттестаттау нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Жоспарлы тексерулердің нәтижелері білім беру ұйымдарының жұмысын талдауда жүйелі тәсіл қажет екенін және анықталған мәселелер бойынша уақытылы шара қабылдау маңызды екенін көрсетті.
2025 жылдың 8 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің төрағалығымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске қатысқан департамент басшысы З.Гумарова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті әзірлеген әдістемелік ұсынымдар негізінде жүргізілген мониторинг нәтижелерін баяндады. З.Гумарова өз сөзінде мектептердің материалдық-техникалық базасына, қауіпсіздік шараларына, санитариялық-гигиеналық жағдайына, педагог кадрлармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтылуына тоқталып, нақты ұсынымдар берді.