Сауда-саттық туралыАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» ММ 2025 жылғы «25» қарашада Астана қаласы уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Интернет желісінде орналасқан Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында: https://e-qazyna.kz/ (тізілім веб-порталы), «Шахтер» футбол клубы» акционерлық қоғамы мемлекеттік акцияларының пакеті 100% мөлшерінде (одан әрі - Объект) сату, бағасын көтеруге аукцион түріндегі сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Объектті сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 қаулысымен бектіліген Жекешелендіру объектілерін сату Қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционды өткізу туралы қосымша ақпаратты сайттан алуға болады https://e-qazyna.kz/ (тізілімнің веб-порталы) немесе «Қарағанды облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы» ММ мекенжайы бойынша: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 208 кабинет, телефон: 8 (7212) 50-31-89 (ішкі. 6138).