VI Ислам ынтымақтастық ойындары (Ар Рияд 2025) 8 қараша қорытындысы

    Орган
    sport
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    VI Ислам ынтымақтастық ойындары (Ар Рияд 2025) 8 қараша қорытындысы
    ОлимпиадаАяқталды

    Қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен сынға түсті: дзюдо, жүзу және үстел теннисі. Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша ұлттық құрама дзюдодан екі күміс және бір қола медаль иеленді.

    60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов күміс медаль иеленді. 66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов та тұғырға екінші болып көтерілді. Ал 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Самалай Ерғалиева қола жүлдеге қол жеткізді.

    Қола жүлдеге таласқан Диана Буркеева (48 келіге дейін), Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін) және Дина Мұханбет (57 келіге дейін) қарсыластарына есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады.

    Үстел тенисінен ҚР ұлттық құрамасы бірінші ойында Тәжікстан құрамасын 8-0, ал екінші ойында Бахрейн құрамасын 8:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

    Жүзуден 7 спортшымыз іріктеу кезеңінде сынға түсіп, бесеуі финалға өтті.

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.