Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

    Орны
    село Пресновка, улица Дружбы, 10
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні
    ОбъявлениеАяқталды

    Хабарландыру

    2025 жылдың 20 қарашасында сағат 10:00-де Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 10 мекенжайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ғимаратында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өткізіледі.

    Қабылдау барысында аудан тұрғындары аудан әкіміне, мемлекеттік органдардың басшыларына қызықтырған сұрақтарын жеке өзі қойып, қажетті түсініктемелер ала алады.

    Сонымен қатар, азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу аясында облыстық басқармалардың басшыларына call-орталық арқылы сұрақтар қою мүмкіндігі ұйымдастырылады.

    Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеЭфирде

    «Еңбек жолы» - 2026 конкурсы

    2026 жылғы 1 мамыр м ен 01 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастайды. Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады. Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді. Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу. Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады. «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады. «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады. «Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2026 жылғы 01 шілде күні дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет. Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

    1 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г. Петропавловск, ул. Абая, 64Жамбыл ауданының әкімдігі
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.