
Белқарағай ауылдық округінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақты баға мониторингі жүргізіледі Баға белгісі орнатылған тауарларға мониторинг жүргізіліп, тауарлардың қорлары да үнемі тексеріледі, әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылған.

Белқарағай ауылдық округінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақты баға мониторингі жүргізіледі Баға белгісі орнатылған тауарларға мониторинг жүргізіліп, тауарлардың қорлары да үнемі тексеріледі, әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылған.
2026 жылғы 20 қаңтардағы Белқарағай ауылдық округінде өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынының № 1 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ Катонқарағай аудан маслихатының шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес, жиынға 15 адам жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қатысты. Күн тәртібінде, 2025 жылғы жылдық мониторинг есебін тыңдау және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жасалған 2026 жылға арналған жылдық жоспарымен келісу. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есептік баяндама тыңдалып, бірінші мәселе дауысқа салынып, бірауыздан қолданды. Шешім: баяндалған 2025 жылғы жылдық мониторинг есебі қабылданды деп есептелсін. Екінші мәселе, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың жылдық жоспарын келісу туралы округ әкімі К.Нурканов төмендегідей ұсыныс жасады: 2026 жылғы жергілікті салық түсімдері жоспар бойынша –11 млн 533 мың теңге; Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер көлемі -61676,0 мың теңге. Жер сатудан- 3101,0 мың теңге; Барлық кірістер - 76310,0 мың теңге құрайды. Кіріс–шығыс жоспарын төмендегідей көлемде Сіздердің қарауларыңызға ұсынылады: 1). «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыруды ұстауға- 15000,0 мың теңге; 2). «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша- 2500,0 мың теңге; 3). «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қысқы күтіп ұстауға- 10000,0 мың теңге; 4). Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге- 48810,0 мың теңге. Әр мәселе жеке-жеке дауысқа салынып, көпшілікпен бірауыздан қабылданды. Шешімі: 2026 жылға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жасалған жылдық жоспары бекітілсін.
Белқарағай ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы болды. 2025 жылғы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері қаражатын пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша есеп тыңдалды.