2025 жылдың 21–22 қараша күндері Алматы облысында белгілі қазақстандық құсбегі Байжүніс Кодековтың 105 жылдығына арналған «Сонар–2025» халықаралық турнирі өтеді.
Өтетін орны: Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылдық округі, Төле би ауылы («Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығының аумағы).
Жарыстың басталуы: 21 қараша, сағат 10:00.
Салтанатты ашылу рәсімі: 22 қараша, сағат 14:00.
Финалдық сындар: 22 қараша, сағат 14:30.
Финалдық сайыстардан кейін турнирдің ресми жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.
Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген құсбегілер қатысады. Сонымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Ресей елдерінің спортшыларының келуі жоспарланған. Жалпы қатысушылар саны — шамамен 100 адам. Олардың арасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен атақты саяткерлер де бар.
Турнир бағдарламасында үш номинация бойынша сайыстар өткізіледі:
* бүркітпен аң аулау
* қаршығамен аң аулау
* ителгімен (сокол) аң аулау
Турнирдің мақсаты:
Байжүніс Кодековтың жарқын бейнесіне құрмет көрсету — ол Алматы облысында «Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебін» құрудың бастауында тұрған тұлға, ұлттық спорт пен қазақтың мәдени мұрасын сақтау жолында елеулі еңбек сіңірген.
Сонымен қатар жарыс құсбегілердің шеберлігін арттыруға, отандық және шетелдік саятшылар арасында тәжірибе алмасуға, жастардың ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын күшейтуге, тарихи-мәдени құндылықтарға құрмет қалыптастыруға бағытталған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталады.
Ұйымдастырушылар:
– Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
– Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы;
– Алматы облысының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы;
– «Құсбегілік» республикалық федерациясы;
– «Тау Қыран» облыстық федерациясы.
Байланыс телефондары:
+7 701 455 7730 (Багдат Мүптекекызы)
+7 707 320 0305 (Жұмабек Жұманиязов).