Сурдлимпиада 2025: жетінші жарыс күннің қорытындысы

    Орган
    sport
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сурдлимпиада 2025: жетінші жарыс күннің қорытындысы
    ОлимпиадаАяқталды

    Бүгін XXV-шы жазғы Сурдлимпиаданың жетінші жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары грек-рим күресі, жеңіл атлетика, таеквондо және жүзуден сынға түсті.

    Грек-рим күресінде Андрей Самарин (67кг) финалдық белдесуде ирандық балуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.

    Хайратхаан Шонку (130 кг) финалдық белдесуде бейтарап спортшы Алексей Шемаровқа есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

    Рамазан Әбрдрасіл (97 кг) жұбаныш белдесуінде армениялық Арарат Саргсянды 13:5 есебімен ұтып, Сурдлимпиаданың қола медалін иеленді. Жарыста Ердаулет Жолдыхан (60 кг) жұбаныш белдесуінде қарсыласына есе жіберіп, 5-ші орынға тұрақтады.

    Жүзуде ұлттық құрама спортшылары 100 м еркін жүзуде, 100 м брасс, 200 м кешенді жүзу, 50 м шалқалап, 800 м еркін жүзу және 4х100 м аралас кешенді жүзу эстафетасында сынға түсіп, іріктеу кезеңнен өтпеді. Спортшылар ертең өзге дисциплиналарда өнер көрсететін болады.

    Жеңіл атлетикада, Қуаныш Қырықбай 200 м жүгіруде жартылай финалдағы раундта мәре сызығын 23.31 уақытымен 7-ші болып кесіп, ақтық сынға жолдама ала алмады. София Колосова 400м жүгіруде финалда 1:06.74 уақыт нәтижесімен 4-ші орын алды. Сондай-ақ, София жетісайыс жарыстарын аяқтап, 3636 ұпаймен 6-шы орынды иеленді. Галина Алексеева 800 м жүгіруде, Нұрсұлтан Кульдеев пен Кирилл Житников диск лақтырудағы іріктеулерден өте алмады. 4х400 м эстафетада өнер көрсеткен Ерлан Сүйеуалиев, Юрий Сафронов, Қуаныш Қырықбай, Даниил Щелоков және Рауан Бейсебай іріктеу кезеңнен сәтті өтіп, 24-ші қарашада финалда бақ сынайтын болады.

    Таеквондодан жарыстар пумсе дисциплинасынан басталды. Жекелей сында өнер көрсеткен Олжас Рысжанов пен Аида Макатова және жұптық разрядта Мади Сейсенбаев пен Аида Макатова іріктеу кезеңдерінен өте алмады. Таеквондодан бәсекелер ертеңгі күні жекпе-жек сайыстарымен жалғасады.

    Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 16 медаль бар. Оның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 6 қола. Алдағы уақытта ұлттық құрама жарыста еркін күрес, таеквондо, үстел теннисі, жүзу және жеңіл атлетика сынға түседі, жарыстар 26-шы қарашаға дейін жалғасатын болады.

    Летние виды спорта

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.