
Құрметті Қарасу ауданының тұрғындары!
2024 жылғы 23 желтоқсанда телекөпір аясында Қостанай облысының 15 ауылдық елді мекенін қамтыған жаңа ұялы байланыс базалық станцияларының 1-ші кезегі салтанатты түрде іске қосылады. Біздің аудан үшін бұл оқиға ерекше маңызды, өйткені Байланыс 5 ауылдық округке келеді!
Теміржол (Октябрь а/о),
Айдарлы (Айдарлы а/о),
Павловское (Жамбыл а/о),
Жаңыспай (Челгашин а/о),
Ленино (Черняевский а/о).
Базалық станцияларды іске қосудың арқасында Қостанай облысының ауылдық аумақтарының 4 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде ауданымыздың тұрғындары да заманауи байланыс технологияларына қол жеткізді.
Бұл жоба-өңірдің тұрақты дамуына жасалған қадам. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, экономикалық және әлеуметтік өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қарасу ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор: ол шалғай аумақтармен байланысты нығайтады, барлық тұрғындар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және ауылдарымыздың дамуына жағдай жасайды.