Қарасу ауданында жаңа базалық байланыс станцияларын салтанатты түрде іске қосу

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қарасу ауданында жаңа базалық байланыс станцияларын салтанатты түрде іске қосу
    ДругоеАяқталды

    Құрметті Шолақашы ауылдық округінің тұрғындары!
    2024 жылғы 23 желтоқсанда телекөпір аясында Қостанай облысының 15 ауылдық елді мекенін қамтыған жаңа ұялы байланыс базалық станцияларының 1-ші кезегі салтанатты түрде іске қосылады. Біздің аудан үшін бұл оқиға ерекше маңызды, өйткені Байланыс 5 ауылдық округке келеді!

    Теміржол (Октябрь а/о),

    Айдарлы (Айдарлы а/о),

    Павловское (Жамбыл а/о),

    Жаныспай (Шолақашы а/о),

    Ленино (Черняевский а/о).

    Базалық станцияларды іске қосудың арқасында Қостанай облысының ауылдық аумақтарының 4 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде ауданымыздың тұрғындары да заманауи байланыс технологияларына қол жеткізді.
    Бұл жоба-өңірдің тұрақты дамуына жасалған қадам. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, экономикалық және әлеуметтік өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Қарасу ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор: ол шалғай аумақтармен байланысты нығайтады, барлық тұрғындар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және біздің ауылдардың дамуына жағдай жасайды.

    Информирования населения
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.