Абик Жексен мен ManEl-дің концерті

    Орган
    mfa-baku
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Абик Жексен мен ManEl-дің концерті
    КонцертАяқталды

    2025 жылғы 30 қарашада сағат 15:00-де қазақтың дарынды музыкант-композиторы Абик Жексен Баку қаласындағы Үзейір Хажыбейлі атындағы Әзербайжанның мемлекеттік музыка академиясында кештің арнайы қонағы – қазақ-әзербайжан әншісі ManEl-мен бірге өнер көрсетеді.

    Абик Жексен қазақ эстрадасының жетекші әртістеріне арнап гитара партияларын жазуда. Ол Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев, МузАрт, Әли Оқапов, Кентал, Төреғали Төреәлі, Нұржан Керменбаев секілді орындаушылармен жұмыс істейді.

    Чайковский атындағы музыкалық колледжінде (Алматы қ.) және Баку музыка академиясында білім алған жас әнші әрі әндер авторы ManEl (Көнүл Мамедова) «Әзербайжан дауысы» және «Баку күзі» жобаларындағы өнерімен тaнымал.

    Концерт бағдарламасында қазақ, әзербайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі әндер бар.

    Билеттерді iTicket.az сайтынан сатып алуға болады: https://iticket.az/ru/events/concerts/abik-jeksen-and-manel-/174261.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Астана халықаралық форумы

    2025 жылғы 29-30 мамырда Астана қаласында Астана халықаралық форумы (Astana International Forum) өтеді. Форум қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары дәрежелі үкімет делегаттары мен бизнес-көшбасшыларды жинайды. Толығырақ: https://www.astanainternationalforum.org/ AIF2025-ке тіркелу Кітапшаны жүктеп алу

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Конгресс-центр, г. Астанаmfa-baku
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.