Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жиі қойылатын сұрақтарға жауап

    Орган
    kyzylorda-aral
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне жиі қойылатын сұрақтарға жауап
    ОбъявлениеАяқталды
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша
    1. Сұрақ:
    «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?
    Жауап:
    Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі
    1. Кәсіпкердің және жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқа,көшірмесі)
    2. Кәсіпкердің неке туралы куәлік, неке боламаған жағдайда анықтама
    3. Кәсіпкердің талоны және салық камитетіне тіркелгендігі туралы анықтама.
    4. Кәсіпкердің салық комитетінен қарызы (берешегі) жоқ туралы анықтамасы.
    5. Кәсіпкердің және үй иесінің аттарынан сотталмаған, наркология, псих диспансер анықтама.
    6. Ауыртпалық анықтамасы және меншік иесі туралы мәліметтер туралы анықтама.
    7. Кәсіпкердің 20 сан счеті бар туралы анықтама және қарыз жоқ туралы картатека № 2.
    8. Бизнес жоспар
    9. Кәсіпкердің кепілге қойылатын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары.
    10. Бағалау парағы (оценка) түп нұсқасы
    11. 3- туысының жеке куәліктері, телефон нөмірлері керек.
    12. Зейнетақы жарнасы
    Осы құжаттардың электрондық нұсқасын және көшірмелерін тапсырасыздар.
    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
    1. Сұрақ:
    Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері, өтінішті қандай электронды портал арқылы береміз?
    Жауап:
    Ақпараттандыру объектілері арқылы – otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал).
    2. Сұрақ:
    Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде қанша мерзімде жұмыс істеуге міндеттеме алады?
    Жауап:
    Ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды.
    3. Сұрақ:
    Кезекке тұрған мамандардың өтініштерін қайта қарау қанша мерзімде болады?
    Жауап:
    Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және ол екі жылдан аспайды.
    4. Сұрақ:
    Маман бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс ауыстырса әлеуметтік қолдау шаралары сақталама?
    Жауап:
    Үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар
    5. Сұрақ:
    Аталған әлеуметтік қолдау шараларын Арал қаласында жұмыс жасайтын(денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен) сала мамандары ала алады ма?
    Жауап:
    Бағдарламаға тек ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар қатыса алады.
    Ауыл шаруашылық техникалары бойынша
    1. Сұрақ:
    «Тракторист-машинист» куәлігін ауыстыру кезінде қандай формадағы медициналық анықтама сұратылады.
    Жауап:
    № 073 формадағы медициналық анықтама.
    2. Сұрақ
    Жеке азаматтарға техникалық байқаудан өту үшін қандай құжаттар қажет.
    Жауап:
    Техникалық паспорт, өтініш.
    Жер саласы бойынша
    1. Сұрақ:
    Аукционмен жер учаскесін қалай алуға болады?
    Жауап:
    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес сауда-саттық (аукцион) арқылы жер учаскесін гос реестр порталы арқылы сатып ала аласыз.
    2. Сұрақ:
    Жер кезектілігіне қалай тұруға болады?
    Жауап:
    Жер кезектілігіне тұру үшін map.gov4c.kz/egkn/сайтына кіріп өтініш береді.
    3. Сұрақ:
    Тұрғын үйімнің жер учаскесіне қосымша жер учаскесінқосып алуым үшін не істеуім керек?
    Жауап:
    Тұрғын үйіңіздің жер учаскесіне қосымша жер учаскесін қосып беруді сұрап, (ЕГКН) геопортал және е-лицензия арқылы өтініш бересіз.
    4. Сұрақ:
    Жеке тұрғын үйімнің жер учаскесінің нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа өзгертіп пайдалануым үшін қалай өтініш беремін?
    Жауап:
    Жеке тұрғын үйіңіздің жер учаскесінің нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа өзгерту үшін «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының негізінде е-гов электронды порталыарқылыөтініш бересіз.
    5. Сұрақ:
    Бұрыннан тұрып жатырған тұрғын үйімнің құжаттарын мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде қалай рәсімдеп алуыма болады?
    Жауап:
    Ол үшін мұрагерлік құқық беру туралы куәліктің негізінде (ЕГКН) геопортал арқылыөтініш беру арқылы рәсімдей аласыз.
    6. Сұрақ:
    Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім тұр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай ауға болады?
    Жауап
    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады - делінген.
    Осыған орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жер кезектілігі негізінде табысталатын болады.
    7. Сұрақ:
    Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін қалай алсам болады?
    Жауап
    Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін алу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес сауда - саттыққа (аукциондарға) шығарылып беріледі.
    Кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес сауда - саттық аукционға арналған жер учаскесі:
    жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан кейін;
    аукцион өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін шығарылады;

    Ұқсас материалдар

    АнонсАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 19 маусым күні сағат 15:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Санакулов Утеген Канымбаевичті тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Жанабаев Абай Жеткергеновичті тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Тагибергенов Нурбек Галимбековичті тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Аманжолов Кайрат Кайроллаевичті тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Райымбек Әбдісұлтанұлын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Избасаров Алибек Мырзахановичті тіркеу туралы; Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34 Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 19 маусым күні сағат 15.00 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8 (72433) 2-23-13

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    АнонсАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 18 маусым күні сағат 18:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидаттар Санакулов Утеген Канымбаевичті, Жанабаев Абай Жеткергеновичті, Тагибергенов Нурбек Галимбековичті және Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидаттар Аманжолов Кайрат Кайроллаевичті, Райымбек Әбдісұлтанұлын, Избасаров Алибек Мырзахановичті қолдап жиналған сайлаушылардың қолдарының анықтығын тексеру туралы; Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34 Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 18.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8 (72433)2-23-13

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    АнонсАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 17 маусым күні сағат 18:00 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Санакулов Утеген Канымбаевичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Жанабаев Абай Жеткергеновичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Тагибергенов Нурбек Галимбековичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Аманжолов Кайрат Кайроллаевичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Райымбек Әбдісұлтанұлының сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Избасаров Алибек Мырзахановичтің сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы; Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34 Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 17 маусым күні сағат 17.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8 (72433) 2-23-13

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады. «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания. Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    АнонсАяқталды

    Баспасөз хабары

    2026 жылдың 16 маусым күні сағат 15:30 Арал аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Санакулов Утеген Канымбаевичтің Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Жанабаев Абай Жеткергеновичтің Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті әкіміне кандидат Тагибергенов Нурбек Галимбековичтің Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Аманжолов Кайрат Кайроллаевичтің Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Райымбек Әбдісұлтанұлының Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақирек ауылдық округі әкіміне кандидат Избасаров Алибек Мырзахановичтің Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы; Өтетін орны: Арал ауданы, Арал қаласы, Әбілқайыр хан көшесі № 34 Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 16 маусым күні сағат 15.00 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8 (72433)2-23-13

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Қызылордада алғашқы үшем дүниеге келді

    Нұрсұлтан мен Мөлдір Баймановтар отбасында бірден үш қыз – Хадия, Жания және Дания дүниеге келді. Балаларды қорғау халықаралық күніне орай Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы сәбилерге туу туралы куәліктерін табыстады. Нәрестелер мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Жуырда қыздар анасымен бірге перзентханадан аман-есен шығарылды. Үшемнің дүниеге келуімен Баймановтар отбасы бұрынғыдан да үлкен шаңыраққа айналды. Жаңа туған үш бүлдіршіннен бөлек, отбасында үлкен қыздары мен ұлдары тәрбиеленіп жатыр. Көпбалалы ана Мөлдірдің айтуынша, бірден үш қыздың өмірге келуі отбасы үшін зор қуаныш болған. «Біз өте бақыттымыз. Отбасымыз үшін бұл – үлкен қуаныш әрі тағдырдың ерекше сыйы. Көпбалалы ана атанғаныма қуаныштымын. Барлық уайым мен алаңдаушылыққа қарамастан, бүгін жүрегімізді тек қуаныш пен шүкіршілік сезімі кернеп тұр», – дейді анасы . Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 5686 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 49 егіз тіркелген. Баймановтар отбасындағы үшем – биыл облыста тіркелген алғашқы үшем. «Үшемнің дүниеге келуі – тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін ерекше әрі қуанышты оқиға. Балаларды қорғау халықаралық күні сәбилерге алғашқы құжаттарын табыстау біз үшін үлкен мәртебе. Баймановтар отбасын шын жүректен құттықтап, бүлдіршіндерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Аида Абибуллаева. Сонымен қатар облыстық филиал атынан «Талсуат» балалар орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы сыйлықтар табысталды. Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, оларға қамқорлық пен қолдау көрсетілді.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    «Еңбек Жолы» конкурсына қатысыңыз!

    «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Еңбек Жолы» конкурсын 2026 жылы өткізу туралы хабарлайды. «Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндірістің қарапайым жұмысшыларын айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа құжаттар 202 6 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсты өткізу мақсаттары: 1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау; 2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау; 3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; 4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу; 5) еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру. Конкурс 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) « Үздік еңбек әулеті »: Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) « Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері »: Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) « Өндірістің үздік жас маманы »: Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс қарапайым жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: 1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке куәліктің көшірмесін; 3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); 6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Конкурсты өткізу мерзімдері: 1 шілдеге дейінгі мерзімде өңірлік деңгейде үміткерлерден материалдар мен өтінімдерді қабылдау; 1 тамызға дейінгі мерзімде «Еңбек Жолы» республикалық байқауының облыстық комиссиясымен өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау; қыркүйекте өңірлік еңбек форумында жеңімпаздарды марапаттау; 10 тамызға дейін «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінен жеңімпаздардың материалдарын ҚР ЕХӘҚМ-не әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ұсыну; 1-15 қыркүйек аралығында республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» республикалық байқау деңгейінің жеңімпаздарын анықтау; қазан айында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын республикалық форумында марапаттау. Нақты ақпарат пен кеңесті келесі мекен - жай лард ан алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 212 каб., тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. Ескертпе: Конкурсқа өтінімдерді тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тапсыра аласыз. Еңбек әулеттерiнiң өкiлдерiн, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлердi сондай-ақ олардың тәлiмгерлерiн Конкурсқа белсендi түрде қатысуға шақырамыз !

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    Хабарландыру

    «Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылаудың өткізілетіндігін хабарлайды. Талдау барысында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмыс бағыттары зерделенді. Осыған байланысты, «Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымда Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі № 58 мекен жайында орналасқан ғимаратта жария талқылау өтетіндігін хабарлаймыз.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.