
Сырдария ауданы әкімінің аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне жасалған 22.02.2023 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында (1-қабат) жария талқылауда талқыланды.
Жария талқылау барысында тиісті бөлімдердің сыбайлас жемқорлық тауекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бойынша құжаттардың мерзімінде тіркеуге алынуы және орындалуы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес қарау, жеке қабылдау бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты, сондай-ақ персоналды басқару бағыты бойынша конкурстық іріктеуді ресми түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау, тәртіптік жазаларды тыс қысқа мерзімде алып тастау, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша, рұқсат беру функцияларын және бақылау функцияларын іске асыру, ұйымдастыру – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған қосымша талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.
Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған көп балалы аналарға арналған мемлекеттік наградалармен наградтауға өтінім беру қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыным хат жолдау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларына өзгерістер енгізуге ұсыным хат жолдау және ӘРПК-не сәйкес мемлекеттік органдармен жолданымды қайта бағыттаудың шекті санын айқындау жөнінде тиісті заң нормаларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыным хат жолдау, сондай-ақ тағы басқа мәселелер.
Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайын талдау жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау барысында орындаушылық тәртібіне тиісті ведомстволық бақылауды күшейту тапсырылды.
Осы ретте, талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажеттігі айтылды.
Жария талқылауға қатысқан тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар орын алды.
Аппарат басшысы Р.Шайхиев қатысушыларға алғыс білдіріп, жария талқылауды жабық деп қорытындылады.
Сонымен қатар, жария тыңдау қорытындысымен анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларының жоспарын белгілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға жолдау тапсырылды.