ХАБАРЛАНДЫРУ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХАБАРЛАНДЫРУ
    КездесуАяқталды

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Мұнайлы ауданы тұрғындармен кездесуі өтеді

    📅 Күні: 03 желтоқсан
    🕑 Уақыты: 14:00
    📍 Өтетін жері: «Ф.Оңғарсынова» атындағы мәдениет үйі

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Хабарландру

    «Маңғыстау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қорытындысымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Ішкі талдау 15.06-15.07.2026 ж. аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Еңбек жолы – 2026» конкурсы туралы Құрметті Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен кәсіпкерлері. Сізге 2026 жылға «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастағандығын хабарлаймыз. Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен) , қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс; 2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады; Конкурсқа қатысушылар Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады: номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті; жеке куәліктің көшірмесін; номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген) ; конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында) ; еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама); жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат. Бар болған жағдайда ( келесі құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса). Қосымша сұрақтар бойынша 8/7292/200952 немесе 8702 298 43 81 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар. Үміткерлерге сәттілік тілейміз.

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау қаласы тұрғындармен кездесуі өтеді 📅 Күні: 05 желтоқсан 🕑 Уақыты: 14:00 📍 Өтетін жері: 34 ш/а “Достық үйі” ғимараты

    1 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Қарақия ауданы тұрғындарымен кездесуі өтеді 📅 Күні: 12 қараша 🕑 Уақыты: 14:00 📍 Өтетін жері: Құрық ауылы, Мәдениет үйі

    8 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Хабарлама "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады. Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары 2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді. Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру. Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді. Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын. Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m070e2646e89595c84a940ca4eb646667 Содан кейін event-кеңестің нөмірін: 2510 633 4456 және event-кеңестің құпиясөзін: 1234 енгізіңіз. "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

    10 қыркүйек 2024 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.