
Департаментте дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
2025 жылғы 3 қарашадан «АСТАНА-1» (Keden) ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларациялар» модулін сынақтан өткізу бойынша департаменттің кедендік бақылау басқармасының бөлім басшысы М. Қожанбай енгізілген өзгерістерге тоқталды. Аталған тақырыптағы сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сынаққа белсенді қатысуға және Қазақстанның цифрлық кеден жүйесін дамытуға үлес қосуға шақырады!