
2025 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Мәулен Алмасұлы Сұңқаров Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметінде «Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы» тақырыбы бойынша брифингке қатысты.
Өзінің сөйлеген сөзінде М.А. Сұңқаров Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау облыс бойынша жоспарланған мерзімдерге сәйкес өткізіліп жатқанын атап өтті.
Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары, республика бойынша жалпы мемлекеттік меншіктің және квазимемлекеттік сектордың 473 объектісін қамтиды, оның 47 объектісі Қостанай облысы бойынша, атап айтқанда:
- қалалар мен аудандардың 20 ветеринариялық станциясы;
- табиғи монополияның 20 субъектісі;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 5 объектісі;
- Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМК;
- «Таза Ұзынкөл» МКК.
Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру кестесіне сәйкес 2026 жылы мыналарды орындау қажет:
- 20 вет.станциясын облыстық ветеринария станциясына қосу жолымен қайта құру;
- «Бөбек» бөбекжай бақшасы» МКК тарату;
- Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы» КМК жекешелендіру.
2028 жылы жекешелендіруге ТМС 14 объектісі жатады.
Сонымен қатар, 2030 жылы ТМС 7 объектісін жекешелендіру қажет, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың 4 объектісін кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру қажет.
Жекешелендірудің 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен 42 ұйымды қысқарту жоспарлануда.
Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында Жекешелендірудің кешенді жоспарының объектілері туралы барлық мәліметтер орналастырылған, сондай-ақ осы объектілерді сату жөніндегі сауда-саттық өткізіледі.