2026 жылдың 07 сәуірінде сағат 10:30-да Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма жетінші кезекті сессиясының отырысы өтеді. Өтетін орны: Глинки көшесі, 73Г, 3 қабат, мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:15-те басталады. Ұсынылатын күн тәртібі: 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері . Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің жұмысы туралы . Әр түрлі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай Жаңасемей аудандарының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Комиссияның жаңа мүшесі шығып кеткен мүшенің өкілеттік мерзімінің қалған уақытына (сайлау комиссиясының ағымдағы құрамы жұмысының 5 жылдық мерзімің аяқталғанға дейін) сайланады. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда Жаңасемей аудандық мәслихаты өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 22 қаңтардан 5 ақпан аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші; 5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Жаңасемей аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/documents/details/748486?lang=ru Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге , сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуы тиіс. Сайланған комиссияның мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған кеңес табылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиялары 2026 жылғы 22 қаңтардан 5 ақпан аралығында (қоса алғанда), дүйсенбіден жұмаға дейін, 08:30-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін. Мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 73 Г, 4 қабат, 410 кабинет. Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы – Ермек Толегенович Абильмажинов. Мәслихаттың орналасқан жері: Семей қаласы, Глинки көшесі, 73 Г, 4 қабат, 410 кабинет. Жауапты тұлғалар – Жанаков Айдос Муташевич, Байтабанова Марал Жанатовна Байланыс деректері: 8 (707) 449-84-90, 8 (776) 6221122, Е-mail: [email protected] . Жаңасемей ауданының учаскелік сайлау комиссиялары - 4 вакансия № Сайлау учаскесінің нөмірі Сайлау комиссиясының орналасқан жері Бос орындар саны 1. № 113 Орталығы: "Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Айнабұлақ ауылы. Шекара: Айнабұлақ ауылдық округі шегінде. 1 2. № 115 Орталығы: "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көкентау ауылы, Бейбітшілік көшесі, 17278. Шекара: Көкентау ауылы, Қыземшек ауылы. 2 3. № 119 Орталығы: "Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Прииртышское ауылы, Школьная көшесі, 1. Шекара: Кенжебай ауылы. 1 Жаңасемей ауданының округтік сайлау комиссиялары - 1 вакансия 4. № 23 Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Семей қаласы, Ахмета Байтурсынова көш, «Шәкәрім атындағы № 5 көпсалалы гимназия» КММ 1
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай Жаңасемей аудандарының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда Жаңасемей аудандық мәслихаты өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 1-15 тамыз аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші; 5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Жаңасемей аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайланған комиссияның мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған кеңес табылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиялары 2025 жылғы 1-15 тамыз аралығында (қоса алғанда), дүйсенбіден жұмаға дейін, 08:30-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін. Мекен-жайы: Семей қаласы, М. Әуезов даңғылы, 95 А, 3 қабат, 301 кабинет. Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы – Ермек Толегенович Абильмажинов. Мәслихаттың орналасқан жері: Семей қаласы, М. Әуезов даңғылы, 95 А, 3 қабат, 301 кабинет. Жауапты тұлға – Жанаков Айдос Муташевич Байланыс деректері: 8 (776) 6221122, [email protected] . Жаңасемей ауданының учаскелік сайлау комиссиялары - 4 бос орын № Сайлау учаскесінің нөмірі Сайлау комиссиясының орналасқан жері Бос орындар саны 1. № 113 Орталығы: "Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Айнабұлақ ауылы. Шекара: Айнабұлақ ауылдық округі шегінде. 1 2. № 116 Орталығы: Шаған кенті, жеке меншік үй, Абай көшесі, 9 Шекара: Шаған кенті. 1 3. № 120 Орталығы: "Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мұқыр ауылы, Школьная көшесі, 1. Шекара: Мұқыр ауылы, Ново-Чайковка учаскесі; Шекара: Мұрат ауылы, Жалпақ бекеті, 16, 22 жол айрықтары; Шекара: Крупская атындағы ауыл, Солнечная долина саяжай алабы. 1 4. № 126 Орталығы: Гранитное ауылындағы үй-жай, Гранитное көшесі, 24. Шекара: Гранитное ауылы. 1