ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазалы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспортының» жобасын «Ашық бюджеттер» интернет-порталына орналастырылды
- Орган
- maslihat-kazaly
- Мәртебе
- Эфирде
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Қазалы аудандық мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының босаған мүшелерінің орындарына сайлау өткізу туралы ХАБАРЫ
Қазалы аудандық мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының босаған мүшелерінің орындарына сайлау өткізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты Қазалы ауданының аумақтық (1-орын) және №56 (1-орын), №57 (1-орын), №66 (1-орын), №69 (1-орын) , №74 (1-орын), №75 (1-орын), №83 (2-орын), №88 (1-орын), №376 (2-орын) учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған 12 (он екі) мүшелерінің орындарына және Қазалы ауданы көлемінде құрылған №395 учаскелік сайлау комиссиясының бос 7 (жеті) мүшелерінің орындарына сайлау өтетіндігін хабарлайды. Барлығы: 19 (он тоғыз) орын. Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT», «Байтақ», «Ауыл», ЖСДП партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестіктерінен; №56 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ», «Ауыл» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі», "Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы" , Қазалы аудандық "Білім беру саласының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестіктерінен; №57 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Байтақ», «Ауыл» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі», "Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы", Қазалы аудандық "Білім беру саласының ардагерлер ұйымы" «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінен; №66 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Қазақстан халық партиясынан», «Ауыл» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Ардагерлер одағының Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігі», «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестіктерінен; №69 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Ауыл» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», "Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы" қоғамдық бірлестігінен; №74 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан; №75 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінен; №83 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Ауыл» партиясынан, «Қазақстан халық партиясынан», және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі», «Қазалы Жомарт» қоғамдық бірлестігінен; №88 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында «AMANAT» партиясынан «Ауыл» партиясынан, «Қазақстан халық партиясынан», және "Сауал әлеуметтік зерттеу және ақпараттық талдау орталығы" қоғамдық бірлестігінен; №376 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында AMANAT» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Қазақстан халық партиясынан», «Байтақ» партиясынан және Қазалы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінен; Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 мамырдан бастап, 9 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихаттың gov.kz сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9 маусымға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін. Қазалы аудандық мәслихаты Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 үй. Жауапты адам–Орынбаев Еркін Суханұлы, ауданаралық телефон коды (8-724-38-79-2-80), қызметтік телефон 32-11; 32-53; ұялы телефоны: 8-702-477-15-27, электрондық пошта мекенжайы: kazaly-maslihat@mail. kz Қазалы аудандық мәслихаты.