
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылдың 19 қаңтарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отыр.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыздар +7 707 436 1915