Жаңа жылмен құттықтау!

    Орны
    Оркен
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жаңа жылмен құттықтау!
    ПоздравлениеАяқталды

    Құрметті Күсеп ауылдық округінің тұрғындары!

    Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!

    Өтіп бара жатқан жыл әр шаңырақ үшін берекелі істерімен, жақсы жаңалықтарымен есте қалсын. Ал жаңа жыл елімізге тыныштық пен тұрақтылық, әр отбасыға амандық, зор денсаулық, молшылық пен бірлік әкелсін.

    Алдағы жылы округіміздің дамуы жолында бірлесіп еңбек етіп, ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.

    Сіздерге жаңа жылда табыс, ырыс-береке, отбасыларыңызға қуаныш пен шаттық тілейміз!

    Культура и спорт

    Ұқсас материалдар

    Отчетная встречаАяқталды

    Зеренді ауданы әкімінің есептік кездесуі

    2026 жылғы 15 мамыр күні сағат 15:00-де, Азат ауылы мектебінің ғимаратында Зеренді ауданының әкімі Ә.А. Құрманғожиннің бірінші жартыжылдықтағы тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес халықпен есептік кездесуі өтеді.

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    станция Азат здание школыaqmola-zerendy-kusep
    ФорумАяқталды

    Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы

    Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы 🔹️Астанада ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы өтіп жатыр, оған Күсеп ауылдық округінің әкімі Қ.Т. Сәрсенбаев қатысты. Бұл маңызды іс-шараның мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты талқылау, ауыл әкімдерінің жұмысын жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын одан әрі нығайту. 🔹️Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, аграрлық секторды тұрақты дамыту және халықпен кері байланысты күшейту жөнінде нақты міндеттерді белгіледі. Президент ауыл аймақтарының елдің жалпы дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтіп, ауыл әкімдерінің жауапкершілігі мен кәсібилігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Диалог алаңында еліміздің барлық өңірлерінен келген ауыл әкімдері тәжірибе алмасып, ауылдарды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және цифрлық шешімдерді енгізу бағытында пікір алмасты. Қазіргі таңда республика бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған. Мұндай форумдар олардың жұмысының ашықтығын арттырып, кәсіби біліктілігін жетілдіруге, сондай-ақ өңірлер арасында тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік береді. 🔹️Күсеп ауылдық округінің әкімі форумда көтерілген бастамаларды қолдап, округте халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды одан әрі тиімді жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.

    28 қараша 2025 ж.Тікелей
    г.Астанаaqmola-zerendy-kusep
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.