
Жамбыл облысының өңірлік кадр резерві
Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Аудан әкімінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 339-ө/қ өкімімен
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
1996 жылы 1 шілдеде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
2018 жылы М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша, 2023 жылы «Қайнар» академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылдың желтоқсанында «Жас Отан» Жастар қанатының басшысы болып бастаған.
2016 жылғы 3 қазаннан 18 қарашаға дейін Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру секторының консультанты;
2016 жылдан 2018 жылға дейін - Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы;
2018-2020 жылдары - «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары;
2020 жылдан 2021 жылға дейін - Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ басшысының орынбасары, басшысы;
2021 жылдан 2024 жылға дейін - Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және мұрағаттар басқармасының «Жамбыл облысының 109 бірыңғай қызметі» КММ басшысы;
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының 2024-2025 жылдар кезеңіне арналған идеологиялық жұмыс және жастар саясатын ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
2025 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.