
Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.
2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады. Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР! Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде. Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие. САУАЛНАМА ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ • АТЫ-ЖӨНІҢІЗ БЕН ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ • ТОЛТЫРУ УАҚЫТЫ 2 МИНУТТАН АСПАЙДЫ Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады. 🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз: 👉 https://forms.gle/j2HAJswFtNqDeobLA Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!