«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ (Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 58-бабына сәйкес) Астана Бас жоспарын Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 4 ақпанда сағат 10.00-де Астана қаласы, Республика даңғылы, 34, «Жастар сарайы» мекенжайы бойынша ашық жиналыс түрінде өтеді.
Тыңдауға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
us06web.zoom.us/j/85473873472?pwd=pBybi7b5I5KpbdMbj3b2ZKDawrp3o3.1
ZOOM платформасында онлайн қосылу үшін: конференция идентификаторы: 854 7387 3472, кіру коды: 822914.
Қоғамдық тыңдауларды өткізуге жауапты орган: «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ.
Тапсырыс беруші: «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ, Астана қ., Ә.Мәмбетов көш., 24, тел.: +7(7172) 47-20-63 (ішкі 2117), эл. пошта: [email protected].
Жобалық материалдармен танысуға болатын портал: https://ndbecology.gov.kz/. Жобалық құжаттама электронды түрде орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-upr/activities/directions?lang=ru.
«Астана қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасын әзірлеуші: «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС, Астана қ., Ә.Мәмбетов көш., 22, тел.: +7(7172) 47-20-63 (ішкі 2117), эл. пошта: [email protected].
Жобаға Стратегиялық экологиялық бағалау есебін әзірлеуші: «Зеленый мост» ЖШС, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 59/2 үй, 12-тұрғын емес үй-жай, [email protected] , тел.: +7(7172)98-68-07, +7 705 701-04-72.
Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін келесі электрондық мекенжай мен телефон нөмірі арқылы сұратуға болады: тел. +7(7172) 47-20-63 (ішкі 2117), эл. пошта: [email protected].
Жоба құжаттамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық мекенжай: [email protected] тел. +7(7172) 47-20-63 (ішкі 2117).



