«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» форумы

    Орган
    quality
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» форумы
    ФорумАяқталды

    Астанада Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жыл сайынғы Форум өтеді.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев Университетімен бірлесіп 2026 жылғы 15-16 қаңтарда Астана қаласында өтетін «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты жыл сайынғы форумның өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Форум шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі жетілдіруге тетіктер әзірленеді.

    Форум шеңберінде: QAA, ASIIN және НААР аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен халықаралық воркшоптар; PhD докторанттарды даярлау сапасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын реттеуші және рұқсат беру саясаты мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар; Министрлік басшылығының, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өткізу қарастырылған.

    Форумға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары, бейінді бөлімшелердің басшылары, диссертациялық кеңестердің төрағалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы сарапшылар қатысады.

    Форум қорытындысы бойынша жоғары білім беру жүйесінде сапа мәдениетін нығайтуға және білім беру мен ғылыми қызметті бағалаудың тиімді тетіктерін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен шараларды әзірлеу жоспарлануда.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.