«Қызылорда облысының білім басқармасы» КММ-нің Қызылорда қаласы және аудандар бойынша білім бөлімдеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша
Қызылорда қаласы 30 мамыр 2025 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
1.Қызылорда облысының білім басқармасы (бұдан әрі-басқарма) құрылымдық бөлімдерінің қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып табылады.
2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Басқарманың 13.01.2025 жылғы №06-нқ/1 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмысшы тобы жүргізді.
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары |
Момбек Ділда Жақыпқызы |
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары м.а. |
Есенбаев Бекжан Шакизатұлы |
Басқарманың бөлім басшысы |
Жунисова Шолпан Оралбаевна |
Басқарманың бас маманы |
Туленова Жанар Биназаровна |
Басқарманың бөлім басшысы |
Дәулеталиев Нұрлан Базарғалиұлы |
Басқарманың бөлім басшысы |
Алписбаев Ернат Ергалиевич |
Басқарманың бөлім басшысы |
Молдабаева Ғазиза Асылбекқызы |
Басқарманың бас маманы |
Ермаханов Ғазиз Аманбайұлы |
Басқарманың статист маманы |
Баймұрат Ақтөре Байқадамұлы |
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаумен 2025 жылдың 5 айы қамтылды.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 13.01.2025-30.05.2025 жылдар аралығында жүргізілді.
- Ішкі талдауды жүргізетін жұмысшы топ құрамына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
- Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 05.01.2025 ж №01-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 05–06 қаңтар аралығында «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметін зерделеу үшін жұмысшы топ құрылып, 2023-2024 жылдарға талдау жүргізілді. Атап айтқанда:
2023-2024 жылдары қаржылық және басқа да бұзушылықтары анықталған. 2023-2024 жылдарға арналаған арналған тарификациялық тізім және жалақының ай сайынғы есептеу ведомості жоқ. 2023 жылдары есепші А.Пирмантаев өзіне тиісті еңбекақысынан 873,0 мың теңге және еңбек демалысынан 58,7 мың теңге, 2024 жылдары еңбекақысынан 933,3 мың теңге және еңбек демалысынан 2414,5 мың теңге артық аударып, дебиторлық берешек қалыптасқан.
Қызылорда облысының білім басқармасының келісімінсіз, бұйрық шығарып негізсіз 2023 жылы 2231,4 мың теңге, 2024 жылы 1200 мың теңге сыйақы алып келген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018 жылғы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары» №256 қаулысын басшылыққа алмай іссапар бұйрығын шығарған қызметтiк iс-сапарларының аванстық есебі жоқ және негізсіз ( іссапар бұйрығын шығармаған) көп мөлшерде есепші А.Пирмантаев өзіне 2023 жылы 11800 мың теңге, 2024 жылы 28480,7 мың теңге өзіне ай сайын аударған.
- 8. Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 16.01.2025ж №06-НҚ/1 бұйрығына сәйкес 17.01.2025 жылы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №178 орта мектебінің қызметін зерделеу үшін жұмысшы топ құрылып, талдау жүргізілді.
Алдын ала аванстық төлемдер жүргізу есебінен Жалақы қорынан 2023 - 2024 жылдар бойынша ай сайын негізсіз аванстық төлем алып отырған. 2025 жылдың 1 қаңтарына 578,3 мың теңге дебиторлық берешек қалыптасқан ( еңбекақы есептеу ведомості, түсінігі қоса жалғанды). Бас есепші К.Игенова өзіне негізсіз 2024 жылдың қазан айында еңбекақы орнына 292,0 мың теңге еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақы төлеген.
Нәтижесінде, салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің салықтарды салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген талаптары сақталмай, өз кезегінде 291,0 мың бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған.
Зерделеу нәтижесінде, артық аударылған бас есепші К.Игенова 351,7 мың теңге, А.Бекболат 14,8 мың теңге, А.Турспенбетова 40,0 мың теңге, А.Әлжан 0,6 мың теңге, барлығы 407,1 мың теңге қаржы бюджетке қайтартылған.
- 9 . Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 09.01.2025 ж №04-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 09–10 қаңтар аралығында "Қармақшы аграрлы техникалық колледжі» КМҚК қызметіне зерделеу үшін жұмысшы топ құрылып, талдау жүргізілді.
Жалақы қорынан 2023 - 2024 жылдар бойынша ай сайын негізсіз аванстық төлем алып отырған, келесі айда толығымен жабылған. Бүгінгі күнге дебиторлық берешек жоқ. Жалақының ай сайынғы есептеу ведомостімен кредиторлық берешек, яғни ай басындағы және ай соңындағы қалдық нақты көрініс таппаған, көрсетілуі тиіс деректерді жасыру фактілері орын алған.
Зерделеу қорытындысымен бюджет және қолданыстағы басқада заңдылықтарының нормалары сақталмауынан қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар анықталған.
Жеке табыс салығын мен әлеуметтік салық есептеуді салық агенті төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген жеке табыс салығын мен әлеуметтік салық бойынша салықты аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің салықтарды салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген талаптары сақталмай, 2024 жылдың 1 тоқсанына ( қаңтар, ақпан, наурыз айлары) есептелген жеке табыс салығына 2212,9 мың теңге, әлеуметтік салығына 2038,1 мың теңге қаржы жылының 04 маусымында мерзімінен кеш аударылған.Бұл өз кезегінде 10,0 мың теңгенің өсімпұлдары бюджет қаржысы есебінен төленіп, тиімсіз жұмсалған.
2024 жылдың желтоқсан айына колледж студенттеріне тиісті ай сайынғы стипендияға 7048 мың теңге, ыстық тамаққа 753,2 мың теңге, барлығы 7801,6 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасқан ( түсінігі және тізімі қоса жалғанды).
- 10. Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 24.01.2025 ж №15-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 24-27 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 "Бөбек" санаториялық бөбекжай балабақшасын (бұдан әрі – бөбекжай) қызметіне жұмысшы топ құрылып, осыған сәйкес 2023-2024 жылдарға зерделеу жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде бөбекжай бойынша біршама қателіктер орын алған. Атап айтқанда:
Жалақы қорынан 2023 - 2024 жылдар бойынша ай сайын негізсіз аванстық төлем алып отырған. 2024 жылдың 1 қаңтарына 2568,3 мың теңге, 2025 жылдың 1 қаңтарына 2335,5 мың теңге дебиторлық берешек қалыптасқан ( есепші дәлелдей алмады). Есепшілердің жұмыстан ауысып тұрақсыздығынан, еңбекақы төлеу ведомостінің ұсынылмауына байланысты дәлелдей алмады. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 29.12.2023 жылдың сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша қаулысы орындалмаған.
Нәтижесінде, салық агенттігі салықты аударуды төлем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің салықтарды салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген талаптары сақталмай, 2024 жылдың қыркүйек-қараша айларына тиісті міндетті зейнетақы жарнасы мерзімінен кеш аударылғаны анықталған.
Бұл өз кезегінде 40,0 мың теңге айыппұл есептелініп төленген, бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған. Ыстық тамақ бойынша 2024 жылға 24739,6 мың теңгеге мердігермен келісім-шартқа отырған. Шарт бойынша азық-түліктер нақты әкелініп, қабылданған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай тамақтандыру нормасы бойынша кем беріп, айырмашылықтар шыққан.
Атап айтқанда, бөбекжайда тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен): сүт нормасы бойынша 700 гр, берілгені 500 гр;банан нормасы 250 гр, берілгені 100 гр; сары май нормасы 30 гр, берілгені 10 гр. Ыстық тамақ бойынша ас мәзірін шаруашылық меңгерушісі Ж.Айдарбаева өзі дайындаған, мекеме басшысымен бекітпеген, медбике қол қоймаған. Ай сайынғы азық-түлік есебі дұрыс жасалмай, қабылдау актісі бойынша жиынтық сомасы көрсетілмеген. Шаруашылық меңгерушісі Ж.Айдарбаеваға 2023 жылдың қаңтар айының 06 күні 0,5 жүктемесі бойынша асхана қызметшісін қосып берген. Алайда, лауазымдық нұсқаулық бойынша қоймашы деп тұр.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жалпы 2024 жылы тауарлар, жұмыстар және қызметтерін сатып алу бойынша 13136,4 мың теңгеге қаржыға жылдық жоспар әзірленіп, бекітілген.Оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 2488,1 мың теңгеге теңгеге қызметтер мен тауарлар сатып алу;
Электронды дүкен тәсілі арқылы 5632,0 мың теңгеге тауар сатып алу;
Бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 4987,2 мың теңгеге қызметтер мен тауарлар сатып алу;
Ашық конкурс тәсілі арқылы 58,0 мың теңгеге қызметтер сатып алу.
Негізінен жылдық жоспарды бекіту барасында Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы№ 434-V ҚР Заңын басшылыққа алып тиісті бұйық шығару арқылы бекітілген.
Қолданыстағы Заңның 5-бабы 7 тармағына сәйкес яғни Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы делінген.
Дегенімен, «№2 "Бөбек" санаториялық бөбекжай балабақшасының жылдық жоспары 2024 жылы наурыз айында үш рет, мамыр айында үш рет, маусым айында бес рет, қазан айында үш рет негіссіз өзгерістер енгізіп,бекітілген. Сонымен қатар, 2024 жылы бір бұйрықпен жылдық жоспарға бірнеше өзгерістер енгізу жайттары орын алған, атап айтқанда жылдық жоспарды бекітуге арналаған27.12.2023 ж №76 бұйрығын қаңтар айында жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге екі рет, маусым айында 03.06.2024 ж №36 н/қ жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге арналған бұйрығын алты рет пайдаланған.
Сондай ақ, 2024 жылы жоспарланған 1154,8 теңгеге әзірленген келісім шарттар ( мердігерлер: ERKE CORPORATION, ИП AMIRKHAN) келісім шарт әлі күшінде, (Договор действует) мәртебесінде қалып қойған. Негізінен шарт бойынша толық төлем жүргізілгеннен кейін сол қаржы жыл ішінде толық орындалды мәртебесінде (Исполнен) болып өзгертілуі тиіс.
Тауарларды мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну бойынша 2024 жылы электронды дүкен тәсілі арқылы «Даян-СтройСервис» ЖШС-мен 04.04.2024 ж №36 келісім-шарт 1590,6 мың теңгеге жасалып, тауарлар ( сирен краска 3,5 кг – 60 дана, жасыл краска 3,5 кг – 60 дана, сары краска – 60 дана, барлығы 180 дана - 1170 мың теңге) шаруашылық меңгерушісі Ж.Айдарбаевамен қабылданып алынған. Есепті жылдың ішінде №4, №6 шығыс актісімен қалдық қалдырмай, толықтай шығыстаған. Бұл өз кезегінде 180 дана красканың жыл ішінде толықтай шығысталуы күмән туғызады.
ҰББДҚ (НОБД) бойынша тіркелгені 94 бала, «QAZNA FACE» жүйесінде 95 бала, зерделенген күні қатысып отырған 75бала тіркелген. себепсіз келмеген -13 бала, науқастануына байланысты - 6 бала, ата-анасы еңбек демалыс алуына байланысты-1 бала бар.
Топтарды жинақтау «Болашақ» мектепалды тобынан басқаларын ҰББДҚ жүйесінде аралас топ деп белгілеген. Алайды топтардың перспективалық жоспары мен апталық циклограммалар кіші, ортаңғы және ересек топтарға жазылған. Ата-аналарға арналған консультациялық пунктің жоспары, тіркеу жуналдары бар, Жұмыс жүргізілгенін растайтын жұмыс материалдары жоқ. QAZNA FACE жүйесінде балалардың бөбекжай бақшада болмауының дәлелді себептері толық енгізілмеген: «Балапан» тобы тәрбиеленушісі Қанағат Нұрилаға отпуск қойылған алайда, баланың орны сақталуы туралы тек меңгерушінің бұйрығы енгізілген. Бұйрыққа негіз қосымша салынбаған. Махмутқызы Бекпатжа дәлелді құжат енгізілмеген.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына сәйкес қызметкерлердің үлгі штаты ҰББДҚ жүйесінде тіркелген қызметкерлер мен штаттық кестедегі бекітілген қызметкерлер сәйкес келмейді. Тарифтік кестеде 42,8 штат болса, ҰББДҚ жүйесінде 35,5 штат.
Жұмысшы топ аралау барысында балабақшаға зерделеу актісі толтырылды.
Бөбекжай бақшада 17 педагог бар: жоғарғы -13, арнаулы орта-4; педагог модератор -8, педагог сарпшы-3, педагог зерттеуші-1; санаты жоқ-5 педагог бар. Біліктілік арттыру курсынан барлық педагог 2023-2024 оқу жылында өткен. Техникалық қызметкерлер саны -22;
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №59 бұйрығы талаптары бұзылып отырғандығы анықталды. 10 күндік ас мәзірінде көрсетілген тағамдар күнделікті мәзірмен сәйкес келмейді.
Қызметкерлердің санитарлық кітапшасы: 26 қызметкер уақытылы өткен; 6 қызметкер декреттік демалыста; Ф075Е нысан бойынша 4 қызметкер өтіп тапсырған.
Басшы құжаттамасы: Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар 29.08.2024 жылдан бастап бұйрық журналға тіркелмеген;
Еңбек кітапшасы, еңбек шартын тіркеу журналдары арналмаған; МДҰ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актлер жинақталмаған;
Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ психиятриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмаған анықтамалар 2023 жылынан бері алмаған 7 қызметкер: Л.Жолаева, М.Әбдікамал, М. Орынбаева, Жантаева, Есекеева, Жунайтова және Манасова. 2024-2025 оқу жылында педагог кадрлар соттылығы жоқ анықтамасын алмаған.
Әдіскер құжаттамасы: әдістемелік кеңес жоспары хаттамалары және оларға қатысты материалдар жинақталмаған; Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшелігін растайтын топтар бойынша мекеме басшысының мөрімен бекітілген балалар тізімі жоқ.
Балабақша медбикесі: Тамақтану нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі, күрделі жинауды жүргізу журналы, санитарлық-ағарту жұмыстарын тіркеу журналы, СЭС пен емханаға берілетін әр тоқсан есептерін тіркеу, дезинфекциялық препараттарды тіркеу журналы жүргізілмеген; Тоңазтқыш жабдығының температурасын тіркеу журналы, кварцтеу журналы 24.12.2024ж тоқтаған. медкабинетте мерзімі өткен парацетамол, талапқа сай емес медициналық препараттар тұрғаны анықталды.
Бөбекжайға орналастыруға №4 клиниканың берген балабақшаға орналастыру жолдамасында тіркеу номері, айы, күні, шығыс номері қойылмаған. Жолдамаларды тіркеу журналы арналмаған.
- Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының 30.01.2025 ж №21-НҚ бұйрығына сәйкес 30.01.2025 жылы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қызметінежұмысшы топ құрылып, осыған сәйкес 2024 жылдарға зерделеу жүргізілді.2025 жылдың 1 қаңтарына тиісті әлеуметтік салық 240,0 мың теңге артық аударылғаны анықталды.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жылдық жоспарды бекіту барасында Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ Заңын басшылыққа алып тиісті бұйрық шығару арқылы бекітілген.
Қолданыстағы Заңның 5-бабы 7 тармағына сәйкес яғни Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы делінген.
Дегенмен «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспары 2024 жылы желтоқсан айында бір бұйрықпен үш рет өзгеріс жасалып, бекітілген. Негізінен заң бойынша бір айда екі реттен асырмай бекіту қажет екендігі назарға алынбаған.
Мекеме тарапынан бәсекелестік ортадан қарағанда, электронды дүкен тәсілі арқылы сатып алуға шамадан тыс басымдық берілген, бұл өз кезегінде тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерге жеткізумен сапасына күмән келтіреді. Нәтижесінде, түгендеу барысында Elite Services and Products ЖШС-мен (№27 13.12.2024 және №32 13.12.2024) 2 келісім-шартқа отырып және төмендегі көрсетілген заттар мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Қаракөзбен әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Р.Алматовтың келісімінсіз, бас есепші С.Жангазиева және сатып алу менеджері Қ.Татиев қызметтерін асыра пайдаланып, жоғарыда аталған басшылардың қатысуынсыз электронды кілттерін пайдалану арқылы қабылдаған және шарт бойынша толық қаржысын аударғаны белгілі болды.
- 60 метр болатын кәбіл-арнасы (Кабель-канал) ;
- 2 дана Контроллер Н-8 дляrgbлентасы (Контроллер);
- 30 дана қуат беру блогы (Блок питания дляrgb);
- 425 м жарықтандыру үшін RGB LED жолағы
Тауарларды мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну бойынша 2024 жылы сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, құны 26487,4 мың теңге мердігерлерге қаржы толық аударылып, бірақ мекеме балансына кірістелмеген.
- Қармақшы ауданы бойынша №99 мектептің есепшісі 2022-2024 жылдары 50,0 млн көлемінде артық қаржыны аударған. Артық қаржыны сол мектепте жұмыс жасайтын 6 мұғалімге аударуға және өздеріне алуға қасындағы есепші маман көмектескен. Әр мұғалімге 2 жыл 4 айдан, екі есепші маманға 7 жылдан үкім белгіленді.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
1)Қызылорда облыстық білім беру ұйымдарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріндегі тарификациялық тізімі мен штаттық кесте, жылдық жеке қаржыландыру жоспары, «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме» нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша және ағымдық шығыс нысандарын анықтау және ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.08.2022 жылғы №385 бұйрығы,
ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 жылғы №365 бұйрығы, ҚР БҒМ 17.06.2015 ж. №391 бұйрығы, ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығына сәйкестігін қарап анықтау.
2)Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.
- «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Арал ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қызылорда облысының білім басқармасының «Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
- Басқарманың қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.
Басқарма қызметіне келесідей НҚА пайдаланылады:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319 Заңы;
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 04.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы №403 бұйрығы;
Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 27.12.2019 жылғы № 291-VI Қазақстан Республикасы Заңының білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге көшіруді көздейтін нормаларына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына енгізілген өзгерістер» Қызылорда облысы әкімдігінің 05.01.2021 жылғы №176 қаулысы;
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті жердегі білім беру ұйымдарын қаржыландыру аудандық, қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылды (56 бап Аудандық бюджеттің (облыстық маңызы бар қала) шығыстары). 2021 жылдан бастап (ҚР Білім туралы Заңының 6 бабына «Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіреті» өзгерістер еніуіне байланысты) білім саласын басқару вертикалды жүйеге ауысып, ҚР Бюжет кодексіне өзгеріс еніп, білім саласын қаржыландыру облыстық бюджеттің шығыстарына жатқызылды (54 бап – Облыстық бюджет шығындары);
Бюджеттік өтінімдер ҚР Қаржы министрінің 24.11.2014ж. №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 05.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 06.04.2020 жылғы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» №130 бұйрығы;
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 02.12.2016 жылғы №630 бұйрығы;
«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы № 393 бұйрығы;
«Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 07.09.2010 жылғы №444 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 02.08.2011 жылғы №390 бұйрығы;
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 бұйрығы;
«Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы № 468 бұйрығы;
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 06.12.2016 жылғы № 640 бұйрығы;
«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы №423 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 14.11.2014 жылғы № 494 бұйрығы
Жоғарыда тізбектелген нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Кадрлық құрам бойынша 13.01.2025-30.05.2025 жылдар аралығы.
Қызылорда облысының білім басқармасының құрылымында штат саны бойынша - 32 мемлекеттік қызметші, нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 30 мемлекеттік қызметші, бос орындар саны-2, бас маман -2 бірлік.
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы және аудандар бойынша білім бөлімінің құрылымында штат саны бойынша - 35 мемлекеттік қызметші, нақты мемлекеттік қызметшілердің саны-32 мемлекеттік қызметші, бос орындар саны-3, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы-1 бірлік, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің бас мамны-1 бірлік, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы-1 бірлік..
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің Басшысы қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 27.03.2025 жылғы №4395-25-00-2-3 м/529 санды қаулысы негізінде 02.04.2025 жылы №37-жқ бұйрығымен лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілген. |
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, 6-бабына сәйкес Тиісті ауданның аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті берген адам бола тұра жұмысқа орналастыру үшін парал алу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен күдікті деп танылған.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жауапты болады. |
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. |
Жоғары |
Қызылорда қаласы сотының 09.04.2025 жылғы №4358-25-00-1/147 іс үкіміне сәйкес Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының есепшісі А.Пирмантаев 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. |
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жауапты болады |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұсынымына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. |
Жоғары |
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
Қызылорда облысының білім басқармасының білім бөлімдері бойынша 2025 жылы 4 мемлекеттік қызметкерге тәртіптік шара қолданылды.
Атап айтқанда:
- Басқарма басшысының 10.01.2025 жылғы №02-жқ бұйрығына сәйкес, сәйкес басқарманың бас маманы С.Шамшатоваға өзінің қызметтік міндетін орындау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
- Басқарма басшысының 21.01.2025 жылғы №20-жқ бұйрығына сәйкес, сәйкес басқарманың бөлім басшысы П.Жаңабергеновке өзінің қызметтік міндетін орындау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
- Басқарма басшысының 23.05.2025 жылғы №56-жқ бұйрығына сәйкес, сәйкес басқарманың бөлім басшысы Ғ.Молдабаеваға және бас маман А. Абдрамановаға өзінің қызметтік міндетін орындау барысында кемшіліктерге жол бергені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, білім бөлімдерінің қызметкерлері 2025 жылдың І тоқсанында әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.
Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының 28.04.2025 жылғы №16 шешіміне сәйкес 14.05.2025 жылғы №50-жқ бұйрығына сәйкес Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Д. Насибековке «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы көрілген.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының бірыңғай тәртіптік комиссия шешіміне сәйкес 13.03.2025 жылғы №29-жқ бұйрығына сәйкес Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Көлжановқа «қызметіне сәйкес емес» түріндегі тәртіптік шарасы көрілген.
Талдау обьектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілерге, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу.
Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсынысы негізінде сыйлықақы беру жөніндегі шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес Басқарма қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған басқарма қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқарманың бөлім басшыларының ұсыныс негізінде сыйлықақы жөнінде шешімдер заңға сәйкес қабылданып келеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді атқарған жұмыстарының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік мерекелерде марапаттауға ұсыныстар жолданып тұрады.
Тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау. Қолданыстағы еңбек заңнамалары мен «Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімінен бұрын алудың шекті мерзімдері мен негіздері нақты көрсетілмегендіктен басқарма тарапынан мерзімінен бұрын тәртіптік жазаларды алып тасталған бұзушылықтар анықталған жоқ.
Заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттаға шараларды қолданбау және тағы басқа.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидасына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау және тағы басқа фактілер орын алған жоқ.
Басқарманың білім бөлімдерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
- Құқықтық статистика
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ж.Садвакасова қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қызылорда қаласының мамандандырылған сотының 27.03.2025 жылғы №4395-25-00-2-3 м/529 санды қаулысы негізінде 02.04.2025 жылы №37-жқ бұйрығымен лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілген.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұсынымына Қызылорда қаласы сотының 09.04.2025 жылғы №4358-25-00-1/147 іс үкіміне сәйкес Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының есепшісі А.Пирмантаев 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
- Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025 жылдың 5 ай қорытындысымен басқарма бойынша басқа мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Қызылорда облысының білім басқармасымен тікелей 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ал, білім бөлімдерімен тікелей 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
- Рұқсат беру функцияларынаіске асыру.
Негізінен білім бөлімдерінде рұқсат беру функциясы қарастырылмаған.
VII. Бақылау функцияларын іске асыру.
Білім бөлімдерінде бақылау қадағалау функциялары жүзеге асырылмайды.
VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу мәселелері.
2025 жыл бойынша мемлекеттік сатып алу және тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 1633088578625 теңге бөлінді.
Басқарма басшысының 2024 жылдың 23 желтоқсанындағы №142-НҚ бұйрығымен «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілді.
2025 жыл басынан 2025 жыл 30 мамырына дейін бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алулар қолданыстағы Заңға сәйкес өткізілген. Оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 25 сатып алуға 25 келісім шарт жасалған. Бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы – 2 сатып алуға 2 келісім шарт жасалған. 2025 жылға бекітілген мемлекеттік тапсырысты орындау жоспары 19909319106 теңге, оның ішінде бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 19909319106 теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген сатып алуларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер байқалмайды.
Осы талдаудың қорытындысы мен Жұмысшы топтың есептік ақпаратына сәйкес
ҰСЫНЫМДАР ТІЗБЕСІ:
- ҚР Оқу- ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауды бекіту;
- Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог мамандардың біліктілікті арттыру бойынша санат алулары жұмыс жасау туралы хат жолдау;
- ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. № 70 бұйрығына сәйкес топтардағы дамытушы орталықтарды жабдықтармен қамту, ойын алаңдарын жасақтау туралы хат жолдау;
- Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына сәйкес «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік-қағидаларын бекіту туралы» №385 бұйрығын сақтау туралы хат жолдау;
- ҰББДҚ жүйесіндегі мәліметтерді штаттық кестеге бекіту;
- Топтарды жасақтау бойынша балалардың жас ерекшелігіне сәйкес өзгерту.
Жоғарыдағылардың негізінде, бөбекжай директоры өзіне жүктелген міндеттерге салғырт қарауынан және шаруашылық меңгерушісі тиісті міндеттерді орындамауынан, бухгалтерлік және қаржылық есептілікпен айналысатын есеп қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде ҚР Бюджет және басқа да заңдылық нормаларын сақтамауынан кемшіліктерге жол берген Білім беру ұйымдарындағы қаржы-шаруашылық қызметтердегі есеп-қисап есебінің жүргізілуін сауаттандыру үшін есепшілердің білімін жетілдіру;
7.«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес қарасты мекемелер қызметкерлеріне сыйақы беру үшін басқармаға ұсыныс хат енгізу негізінде келісім алуы.