Жеңіс күні

    Орган
    abay-kokpekti
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жеңіс күні
    ПоздравлениеАяқталды

    Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеЖақында

    Мемлекеттік қызметкер күні

    Құрметті Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметшілері! Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның мемлекеттік мекемелері – ҚР Президенті және Үкіметі белгілеген еліміздің қалыптасуы мен Республикамыздың дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Өз тағдырын Сіздерге сеніп тапсырған, Сіздердің біліктіліктеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңызға сенім артқан азаматтарға қызмет етуден құрметті мамандық жоқ. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттің бейнесін, халыққа деген қамқорлығын жеткізетін адам. Сондықтан бұл бағытты қамтыған әр маманға үлкен талаптар мен міндеттер қойылып отыр. Мемлекеттік қызметші болу – ол аянбай еңбек етіп, халық мүддесін қорғау, елдің дамуына септігін тигізу. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысының сапасына әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халық өмірінің деңгейі мен жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуы тәуелді. Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді. Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Сіздерге халыққа қызмет ету сияқты мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілейміз. Отбасыларыңызға мықты денсаулық, амандық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне жасалған барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз. Д. Оразбаев, аудан әкімі

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.