
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава =жаңа + рәзаңһ =күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған ( но =жаңа + роуз =күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.