«Сунақата ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығына сәйкес «Сунақата ауылдық округі әкімінің аппаратының «Сунақата ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директоры, клуб меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды. І. Конкурс өткізілетін күні мен орны: Үміткерлермен әңгімелесу 2026 жылдың мамыр айының 13-і күні, жергілікті уақытпен сағат 10.00-де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы, «Сунақата ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өтеді. Үміткерлермен әңгімелесу уақытына өзгерістер енген жағдайда, үміткерлерге қосымша хабарланатын болады. ІІ. Кәсіпорынның атауы мен мекен-жайы: * Кәсіпорын атауы: «Сунақата ауылдық округі әкімінің аппаратының «Сунақата ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. * Мекен-жайы: Индекс: 120311, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы, Сығанақ көшесі №12 үй. * Байланыс телефоны: 8 724 35 53 7 09. * Қызметі: Кәсіпорын шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырып, мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. ІІІ. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: * Біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білімінің болуы. * Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында тиісті жұмыс өтілінің болуы. * Лауазымдық міндеттері: * кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырып, жалпы басшылық жасайды. * шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. елді мекен (ықшам аудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады; * клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қадағалайды. * көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастырады. демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді. қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді. Білуі міндетті: ҚР Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, ҚР "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, клуб жұмыстарын ұйымдастыруды. * Біліктілікке қойылатын арнайы талаптар: «Өнер», «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. * Мәдениет саласы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес болуы тиіс. ІV Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады : Конкурсқа қатысу туралы өтініш ; Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме ; Білімі туралы құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» №075/е нысан бойынша анықтама; Соттылығы жоқ, наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлер анықтамалары; Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты конкурсқа қатыстырмауға негіз болады. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды : * Он сегіз жасқа толмаған; *Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; * Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі; Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау интернет ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы, Сығанақ көшесі №12 үй. Индекс:120311, Байланыс телефоны: 8 724 35 53 7 09. электрондық мекен-жай; [email protected] орналасқан «Сунақата ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады. Интернет ресурстарында, баспасөз беттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде, яғни 2026 жылдың 17 сәуірі мен 1 мамыры аралығы, сағат 09.00-13.00, 15.00-19.00 аралығында (жұмыс күндері) жоғарыда көрсетілген мекен-жайда құжаттар қабылданады. « Сунақата ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы
ИБРАГИМ РҮСТЕМ РӘБІЛҰЛЫ «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің аппарат басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Телефон нөмірі: қызметтік: +7 7242 22 4 66 (103) ұялы: +7 778 100 38 62 Мекенжайы: 120300; Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №33, 2 қабат, №203 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның сәрсенбі күні сағат 17.00-19.00