Семинар өтті

    Орган
    zhambyl-zhambyl
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Семинар өтті
    СеминарАяқталды

    Есептік кездесу Жастар ресурстық орталығында жалғасып, ауылдық округтер әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері тақырыбы бойынша учаскелік сайлау комиссиясының тізім алғаннан бастап жұмыс алгоритмі туралы семинар өтті. Алдағы кезеңге арналған міндеттер мен ұсыныстар талқыланды.

    Выборы

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    ЖАСТАРДЫҢ САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    ЖАСТАРДЫҢ САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ Жамбыл облысында жас сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және олардың құқықтық-саяси сауаттылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта 2026 жылғы 15 маусымда Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Жас сайлаушылардың электоралдық белсенділігі мен сайлау мәдениетін дамыту – өзекті мәселе» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараны Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Жиынға облыстық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері, жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ләззат Еркінбаева мен университет білімгерлері, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің проректоры Арман Құдайбергенов пен университет білімгерлері, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Асылбек Касенов пен университет білімгерлері, сондай-ақ, саяси партиялардың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жастар саясаты саласының өкілдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдар өз пікірлерін ортаға салды. Кездесуге М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері белсенді қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыру, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, электоралдық мәдениетті дамыту және жас буынның қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына бағыт беру. Кездесуді Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, қазіргі кезеңдегі жастардың қоғамдағы орны мен саяси белсенділігінің маңыздылығына тоқтала отырып: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8-қыркүйектегі («Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты) Қазақстан халқына Жолдауында елімізде мемлекеттік жүйе дамып, азаматтарымыздың саяси мәдениеті өсіп келе жатқанын және жаһандық сын-қатерлер мен жаһандық өзгерістерді ескере отырып, бір палаталы Парламент-Құрылтай құру туралы бастама көтергендігін, ал, 2026 жылғы 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында, жоғарыда айтылғандардың негізінде, ҚР Вице призиденті институтын құру, Халық кеңесін құру және бір палаталы Парламентке көшу еліміздің дамуына зор серпін беріп, оның әлеуетін арттыра түсетіндігіне сенім білдіре отырып, Парламенттік реформа аясында жаңа Конституция қабылдау қажеттігін ұсынғандығын айта келе, ағымдағы жылдың 15 наурызында өткен республикалық референдумда қазақстандықтардың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдап дауыс бергеніне тоқталды. Бұл жаңа қабылданған Конституция Қазақстанның мемлекеттігін нығайтып, еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртып, еліміз жаңа тұрақтылық деңгейіне көтеріліп, қазіргі алмағайып заманның сын-қатерлеріне жауап беретіні сөзсіз екендігін атап айтып: Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау салтанатты жиынында сөйлеген сөзінде «Мен бұған дейін де айттым, қазір де қайталаймын: еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында! Мемлекет басшысы ретінде мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Жастарымыздың қабілеті айрықша, талант-дарыны мол, әлеуеті зор, күш-жігері мықты! Қазақстанды әлемдегі ең озық, дамыған елдердің қатарына қосатын да – сіздер! Бұған еш күмәнім жоқ! Бүгін төрге озып, тұғырына қонған жаңа Халық Конституциясы сіздерге бағдар беретін темірқазық болады. Себебі, бұл – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат», деп тағы бір мәрте жастарға сенімін білдіргенін айтып кетті. Мемлекет басшысы жаңа қабылданған Конституцияны жүзеге асыру мақсатында бірқатар конституциялық заңдарға қол қойғандығына тоқталып, солардың бірқатарына тоқталып, қабылданған заңдар мен сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы. Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заң, Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметін, заң шығару процесін және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандарын, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгіледі. Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билілігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы болып табылады . Құрылтай жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде, жасырын дауыс беру арқылы біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалдық өкілдік жүйе бойынша (партиялық тізім бойынша) сайланатын 145 депутаттан тұрады. Құрылтай депутатының өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланған Төраға басқарады. Құрылтайдың өкілетігіне тоқталатын болсақ: -Конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды; -соғыс және бітім мәселелерін шешеді; -ҚР Президентінің сайлауын жариялайды; -жалпы халықтық референдум өткізу туралы бастама көтереді; -Қазақстан Республикасының Вице-Президентін, Премьер-Министрін, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім береді. -Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың судьяларын қол сұғылмау кепілдігінен айырады; -Жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды. -Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. -Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша көпшілік даусымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруге құқылы. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңы Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесін, өкілеттігін, құрылу тәртібін, құрамын қалыптастыруды және қызметін ұйымдастыруды белгілейді. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган. Ол Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады. Кеңес құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді. Халық кеңесінің жалпы құрамы 126 мүшеден тұрады, оларды Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Қазақстан Халық Кеңесінің Сессиясында төрт жылдық мерзімге сайланады. Халық Кеңесінің өкілеттік мерзімі – төрт жылды құрайды. Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты – мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыда қатысу арқылы халықтың мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдіруін қамтамасыз ету. Міндеті – мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпы ұлттық диалогты ұйымдастырады; Қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікпен ынтымақты нығайту бағытында қызмет атқарады. Өкілеттігіне тоқталатын болсақ: Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымды әзірлейді; Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізеді; Жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді және т.б. Елімізде жаңа қабылданған Конституцияның негізінде сайлау туралы конституциялық заңға (71 бабына) бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар бабына өзгеріс: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заң, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтай және мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде, сондай-ақ, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерінің сайлауы заңнан алынып тасталды. Сондай-ақ, сайлау туралы заң Республика азаматтарының ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді белгілейді. Сайлау құқығы принциптеріне енгізілген өзгеріс: Республика Президентін, Құрылтай және мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. Сайлау жүйелеріне енгізілген өзгеріс: Құрылтай депутаттары бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағында пропорциналды өкілдік жүйесі бойынша сайланады, яғни бұрынғыдай бірмандаттық сайлау жүйесі болмайды. Ал, пропорционалды өкілдік жүйе дегеніміз, сайлаушылардың жеке кандидаттарға емес, саяси партияларға дауыс беретін сайлау жүйесі. Президент Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойып, ол күшіне енген күннен бастап саяси партиялар біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Құрылтай депутаттығына сайлау үшін адамдарды (азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі негізінде) партиялық тізімге енгізу жұмыстарын жүргізеді. Партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен шешіледі. Саяси партияның жоғарғы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге ҚР ОСК-на тіркеуге және сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарауына ұсынады. Ал тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының (145) отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. ҚР Орталық сайлау комиссиясы заңмен айқындалған өкілеттігі шеңбері негізінде депутаттыққа ұсынылған азаматтардың заң талаптарына сәйкестігін қарайды. Сайлаудың қорытындысы бойынша әр партия алған дауыстарының үлесіне қарай депутаттық мандатқа ие болады, деп түсініктеме берді. Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторының меңгерушісі Дархан Байпақ сөз сөйлеп, Қызылорда қаласында алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен келген Жас сайлаушылар клубтары мүшелерінің республикалық кездесуі өткенін атап өтті. Ол: 2026 жылғы 23 сәуірде «Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында ашық пікір алмасу форматында кездесу өткенін айтып, «Іс-шараға 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Қызылорда облысының сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Нұрлан Әбдіров өз сөзінде сайлау үдерісін ұйымдастырудың негізгі элементтерін атап өтіп, еліміздің сайлау органдарының қызметі, ОСК жанындағы диалог алаңдары және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жастардың электоралдық мәдениетін қалыптастыру сұрақтарына ерекше назар аударылды» деп кездесу туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубы төрағасының орынбасары, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Мадина Пірімбек өңірлердегі жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, сайлау мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубы жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру, электоралдық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Клуб ашылғаннан бері дебаттар, кездесулер және ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылып, жастардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына ықпал еткенін айта келе, референдум кезеңінде клуб мүшелері мен ерікті жастар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сайлау үдерісіне қатысу белсенділігін арттыруға үлес қосқаны туралы баяндады. Кездесуде университет студенттері де өз ойларын ортаға салды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-ші курс студенті Қалдыбек Алмат сөз сөйлеп, өз сөзінде: « Бүгінгі жас – ертеңгі депутат, мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, ғалым немесе қоғам қайраткері. Сондықтан жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуы елдің болашағына тікелей әсер етеді. Әрбір берілген дауыс мемлекет дамуының бағытын айқындауға үлес қосады. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 13 мыңнан астам студент білім алуда. Университетте 12 студенттік ұйым мен 5 студенттік деканат жұмыс істейді. Сонымен қатар 1500-ден астам белсенді жас қоғамдық, ғылыми, мәдени және әлеуметтік жобаларға қатысып келеді. Бұл көрсеткіштер жастардың қоғам өміріне қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару құрылымдары жастардың көшбасшылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді. Өзім жастармен жұмыс саласында қызмет атқара отырып, жастарға мүмкіндік берілген кезде олардың қоғамға пайдалы көптеген бастамаларды жүзеге асыра алатынына көз жеткізіп келемін. Бүгінгі жастар волонтерлік қызметпен айналысып, әлеуметтік жобалар ұйымдастырып, қоғамдық мәселелердің шешілуіне өз үлестерін қосуда. Жаңа Конституция жағдайында жастардың дауысы мен пікірі бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан әрбір жас өзінің конституциялық құқықтарын біліп, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет», деді. Кездесу барысында жастар атынан сөз алған Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ерасыл Берді жастардың қоғамдық белсенділігі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуындағы сайлау институтының рөліне тоқталды. Ол заманауи ақпараттық қоғам жағдайында жастардың саяси процестерге саналы түрде қатысуы маңызды екенін атап өтті. Е. Берді өз сөзінде: «Жас сайлаушылар – қоғамның ең серпінді, білімді және жаңашыл бөлігі. Олар жаңа идеяларды қолдайды, өзгерістерге бейім келеді және қоғамдағы түрлі мәселелерге өзіндік көзқарас қалыптастырады. Бүгінгі жас буын ертеңгі күні елдің басқару жүйесінде, экономикасында, ғылымында және мәдениетінде жетекші орын алатын азаматтарға айналады. Сол себепті олардың саяси сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру аса маңызды, - деді. Жиында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ләззат Еркінбаева сөз сөйлеп, «Университетіміз жастардың құқықтық білімін арттыруға, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына жағдай жасауға әрдайым қолдау көрсетеді. Осы мақсатта түрлі танымдық кездесулер, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстелдер мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай шаралар студенттердің сайлау үдерісінің маңызын түсінуіне, азаматтық ұстанымын қалыптастыруына және елдің қоғамдық өміріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Себебі бүгінгі белсенді жас – ертеңгі ел тағдырына әсер ететін саналы азамат» екенін жеткізді. Кездесудің еркін пікір алмасу бөлімінде қатысушылар тарапынан сайлау заңнамасы мен сайлау органдарының қызметіне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, саяси партия өкілдері Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну және оларды тіркеу кезінде жүргізілетін тексеру рәсімдеріне қызығушылық танытты. Қатысушыларға кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігін Орталық сайлау комиссиясы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың белгіленген тәртіппен тексеретіні түсіндірілді. Студенттер сайлау комиссияларында жұмыс істеу мүмкіндіктері мен оған қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды. Өз кезегінде сайлау комиссияларының құрамы мәслихаттар арқылы қалыптастырылатыны және комиссия мүшелеріне заңнамада белгіленген біліктілік талаптары қойылатыны айтылды. Сондай-ақ, Жас сайлаушылар клубтарының өкілдері сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен сайлау комиссияларының өкілеттіктеріне қатысты жаңашылдықтар жөнінде сұрақтар қойды. Кездесу барысында сайлау комиссияларының қызметін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер түсіндіріліп, аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері кеңейтілгені атап өтілді. Қатысушылар барлық сұрақтарына толыққанды жауап алып, сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары мен қолданыстағы заңнаманың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды. Кездесу барысында қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныстар жастардың сайлау процестеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Қатысушылар мұндай ашық диалог алаңдарының жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және сайлау мәдениетін дамытуға оң әсер ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысында, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен өңірдегі жоғары оқу орындары – М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты – жастардың электоралдық сауаттылығын арттыру, сайлау заңнамасын түсіндіру, ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру және жас сайлаушылар клубтарының қызметін дамыту бағытында өзара ынтымақтастықты нығайту. Аталған бастама жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы уақытта да жастар арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жалғастырып, олардың елдің қоғамдық-саяси дамуына белсенді араласуына қолдау көрсететін болады. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырыста мүгедектігі бар азаматтардың сайлау процесіне толыққанды қатысуы үшін қажетті жағдайларды жасау, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру және алдағы сайлау науқандарына дайындық мәселелері талқыланды. Жұмыс тобы мүшелері сайлау учаскелерін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беру құқықтарын іске асыруға қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, сайлау заңнамасында көзделген құқықтар мен кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған бірқатар міндеттер белгіленіп, тиісті ұсыныстар қабылданды.

    9 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

    АУЫЛ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. Бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы отырыс өткізіп, онда Жамбыл ауданының Бесағаш және Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы шешім қабылданды. Сайлау 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалды. Отырыс барысында сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді, сондай-ақ сайлау науқанын өткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    НазначениеАяқталды

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Алпысбаев әкім куәлігін табыс етті.

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 46-бабының 3-тармағының 2) тармақшасы, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 18 мамырдағы шешімімен 2026 жылғы 17 мамырда өткен сайлау қорытындысы бойынша Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округінің әкімі болып тіркеліп, Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Алпысбаев әкім куәлігін табыс етті. 5

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.

    Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті. 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау мақсатында Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы Алпысбаев жас сайлаушылар клубы мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірнеше маңызды шешімдер қабылданды: Жас сайлаушылар клубының құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа төраға сайланды. Жас сайлаушы клубы мен аумақтық сайлау комиссиясы бірлесе отырып, сайлау науқаны кезінде жастардың волонтерлік қызметін тиімді үйлестіру жолдарын талқылады. Сайлау мен референдумға қатысу белсенділігін және жастардың сайлау процесіне деген көзқарасын анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізу жоспарланды. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту кезінде жас сайлаушы клубтарының мүшелері оқу процесіне белсенді тартылады. Жас сайлаушылар клубының жаңа төрағасы жас ұрпақтың азаматтық белсенділігінің қоғам дамуындағы маңызды рөліне тоқталып, келесі ұсыныстар енгізді: сайлау науқандарына жастардың волонтер ретінде қатысуын арттыру; сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы толық және уақтылы хабардар ету. Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ұсынылған бастамаларды толық қолдап, жастардың электоралдық мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен іс‑қимылдардың маңыздылығын атап өтті. Тараптар бекітілген жұмыс жоспарын тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыруға келісті. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Ерназар ауылында орналасқан № 178 учаскелік сайлау комиссиясының сайлауға дайындығы тексерілді

    Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 17 мамырына тағайындалған Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілуде. Ерназар ауылында орналасқан № 178 учаскелік сайлау комиссиясының сайлауға дайындығы тексерілді. Тексеру барысында учаскенің материалдық‑техникалық жабдықталуы, құжаттама толықтығы және жұмыс тәртібінің сақталуы. Сонымен қатар комиссия мүшелері үшін арнайы оқыту‑семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еламан Ғалымжанұлы, комиссия хатшысы Орынбасар Қасымбекұлы, комиссия мүшелері қатысты. Оқыту барысында келесі тақырыптар қарастырылды: - сайлау күні сайлау учаскесін ашудан бастап бюллетеньдерді санау және хаттаманы толтыруға дейінгі жұмыстың тұтас тізбегі; - учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін нақтылау; - сенімді өкілдермен, байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен өзара іс‑қимыл жасау тәртіптері. Әр дәрісті аяқтаған сайлау учаскесінде кездесетін кейстік сұрақтар талқыланды. Біліктілікті арттыру мақсатында учаскелік сайлау комиссиясы мүшелеріне семинар‑тренингтің негізгі тақырыптары бойынша тест тапсырмасы ұсынылды. Тест нәтижелері комиссия мүшелерінің дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттармен кездесу өткізілді.

    2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттармен кездесу өткізілді. Кандидаттарға дауыс беру тәртібімен, дауыс беру күнгі кандидаттардың іс-әрекетімен, құқықтары, міндеттері толық таныстырылды. Байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің міндеттері мен құқықтары туралы толықтай ақпарат берілді. Кездесу соңында, кандидаттарға тиісті куәліктері табысталды.

    27 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылдың 9 қаңтарында Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді

    2026 жылдың 9 қаңтарында Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді. Бұл жиында комиссия 2025 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау мақсатында есептік кездесу өткізу және семинарлар ұйымдастыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар нақтыланып, жоспар бекітілді.

    12 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.