
2026 жылғы 28 қаңтар күні Талғар қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, құқықтар мен қадір-қасиетті құрметтеуге негізделген құндылықтарды насихаттау, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас дағдыларын дамыту және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Семинарға «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының заңгерлері мен психологтары, Алматы облыстық Әділет департаментінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық және аудандық Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, педагогтар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықтың құқықтық және психологиялық аспектілерін, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау тетіктерін және қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс тәжірибесін талқылады. Семинар сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар қабылдады. Сондай-ақ, қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу, әр отбасы мен әрбір адам үшін қауіпсіз және қолайлы ортаны қамтамасыз ету маңыздылығы ерекше атап өтілді.