
ТАҒАЙЫНДАУ: ҚУАНДЫҚ ЕРСАЙЫН ТАЛҒАТҰЛЫ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қуандық Ерсайын Талғатұлы 2026 жылдың 27 қаңтардан бастап, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды.
Ерсайын Талғатұлы 1993 жылдың 20 шілдесінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген.
2012 жылы «М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті жанындағы көпсалалы колледжін «ақпараттық жүйелер», 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық Университетін «информатика», 2023 жылы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» Ақниет ауылдық округі бойынша жастармен жұмыс ұйымдастырушы маманы болып бастаған.
2013-2014 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің статист маманы;
2014-2016 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының компьютерлік бағдарламаларға қызмет көрсету бойынша маманы;
2016-2019 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас маманы;
2019-2021 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы;
2021-2025 жылдары Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі;
2025 жылдың 18 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.