«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, 2026 жылғы 11 ақпан күні сағат 16:00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған қырық төртінші Есіл аудандық мәслихатының кезекті сессиясының шақырылатындығын хабарлаймын.
Сессияның қарауына мына мәселелер енгізіледі:
1) Есіл ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің орындалуы туралы.
2) Агротехникалық колледж мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша жүргізетін жұмыс туралы, және басқалар.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А.Әділбаева