Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына Алматы облысы Іле ауданының мәслихаты №10, 16, 18, 19 бірмандаттық округтік және №338, 343, 344, 345, 346, 967, 350, 353, 354, 355, 356, 357, 985, 1007, 1016, 1017, 360, 362, 369, 372, 1008, 385, 387, 388, 969, 993, 389, 390, 391, 393, 994, 394, 395, 400, 401, 997, 405, 409, 413, 970, 1009, 416, 418 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қаңтардан 11 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 11 ақпанғадейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағ.12:30-ден 14:00-ға дейін.
Іле аудандық мәслихаты
Іле аудандық мәслихатының төрағасы – М.Б.Карибаев
Мәслихаттың орналасқан жері: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, 8.
Жауапты тұлғалар – Мусаев Бахыт Жармағанбетұлы, Еркін Ұлжан Еркінқызы. № 214, 215 каб., қызметтік телефондарының нөмірі: (8727)2517037, (872752)20027, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].
Іле аудандық мәслихаты 82 кандидатты - округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды
№р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
Округтік сайлау комиссиялары-8 | |||
1. |
10 |
Екпінді ауылы, Наурызбай батыр көшесі, №24 Дәрігерлік амбулаториясының ғимараты |
1 |
2. |
16 |
Кенен Әзірбаев ауылы, Мичурин көшесі, №92 Б "Bolashaq kemenger" ЖШС ғимараты |
2 |
3. |
18 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16 № 7 орта мектеп ғимараты |
2 |
4. |
19 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16 Д № 38 орта мектебінің ғимараты |
3 |
Учаскелік сайлау комиссиялары – 74 | |||
1. |
338 |
Боралдай кенті, Бостанов көшесі, №1 № 17 орта мектебінің ғимараты |
1 |
2. |
343 |
Боралдай кенті, Водник-2 ықшам ауданы, №66 А "Алматыгазсервис Холдинг" АҚ ғимараты |
1 |
3. |
344 |
Боралдай кенті, Водник-2 ықшам ауданы, №40 "Әдемі" санаторлық топтарымен бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимараты |
4 |
4. |
345 |
Боралдай кенті, К.Әзірбаев көшесі, №1 № 15 орта мектебінің ғимараты |
3 |
5. |
346 |
Боралдай кенті, Бостанов көшесі, №7 Б № 54 орта мектебінің ғимараты |
7 |
6. |
967 |
Боралдай кенті, Байзаков көшесі, №59 № 40 орта мектебінің ғимараты |
1 |
7. |
350 |
Өтеген батыр ауылы, А.Әжімұратов көшесі, №8 "Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ ғимараты |
3 |
8. |
353 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №16 Д № 38 орта мектебінің ғимараты |
1 |
9. |
354 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №24 "Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданының білім бөлімі" ММ ғимараты |
1 |
10. |
355 |
Өтеген батыр ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, №38 № 24 лицей ғимараты |
2 |
11. |
356 |
Кенен Әзірбаев ауылы, Егемендік көшесі, №103 А "Волковгеология" АҚ филиалының ғимараты |
1 |
12. |
357 |
Кенен Әзірбаев ауылы, Алматы көшесі, №84 "Іле ауданының құрылыс бөлімі" ММ ғимараты |
1 |
13. |
985 |
Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесі, №12 Іле аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторының ғимараты |
1 |
14. |
1007 |
Өтеген батыр ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесі, №38 № 24 лицей ғимараты |
2 |
15. |
1016 |
Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, №30 "Іле аудандық орталық ауруханасы" МКК ғимаратында |
2 |
16. |
1017 |
Өтеген батыр ауылы, Қуат ықшам ауданы, Рахымбаев көшесі, № 35 "Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" МКК ғимараты |
2 |
17. |
360 |
Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б № 9 орта мектебінің ғимараты |
1 |
18. |
362 |
Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б № 9 орта мектебінің ғимараты |
2 |
19. |
369 |
Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, №271 № 12 орта мектебінің ғимараты |
1 |
20. |
372 |
Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, №68 А Байсерке ауылының пошта байланыс бөлімшесінің ғимараты |
4 |
21. |
1008 |
Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 Б № 28 мектеп-гимназиясының ғимараты |
1 |
22. |
385 |
Н.Тілендиев ауылы, Алматы көшесі, №32 № 26 орта мектеп ғимараты |
1 |
23. |
387 |
Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, №10 "Қараой ауылдық мәдениет үйі" МКҚК ғимараты |
7 |
24. |
388 |
Қараой ауылы, №2125 әскери бөлімінің акт залы |
1 |
25. |
969 |
Н.Тілендиев ауылы, Тұлпар көшесі "Жайлы мектеп" МКМ ғимараты |
1 |
26. |
993 |
Қарай ауылы, Қаратал көшесі № 49 орта мектеп ғимараты |
2 |
27. |
389 |
Ақсай ауылы, Достық көшесі, №12 "Ю.Гагарин атындағы № 16 орта мектеп" МКМ ғимараты |
3 |
28. |
390 |
Ақсай ауылы, Достық көшесі, №10 "Ақсай ауылының мәдениет үйі" МКҚК ғимараты |
1 |
29. |
391 |
Ақсай ауылы, Достық көшесі, №10 "Ақсай ауылының мәдениет үйі" МКҚК ғимараты |
2 |
30. |
393 |
Екпін ауылы, Қобыланды батыр көшесі, №54 "Төлеген Айбергенов атындағы № 48 орта мектеп" МКМ ғимараты |
1 |
31. |
994 |
Екпін ауылы, Қобыланды батыр көшесі, №54 "Төлеген Айбергенов атындағы № 48 орта мектеп" МКМ ғимараты |
1 |
32. |
394 |
Жауғашты ауылы, Абай көшесі, №3 № 27 орта мектеп ғимараты |
1 |
33. |
395 |
Асқар Тоқпанов ауылы, А.Сәрсенбек көшесі, №1 "Ә. Молдабеков атындағы № 6 орта мектебі" МКМ ғимараты |
2 |
34. |
400 |
Асқар Тоқпанов ауылы, Аитов көшесі, №44 "Балбөбек", балабақша би залы |
1 |
35. |
401 |
Асқар Тоақпанов ауылы, Б.Сейдалиев көшесі, №117, № 42 орта мектеп ғимараты |
1 |
36. |
997 |
Жайнақ ауылы, Школьная көшесі, №4 № 31 орта мектеп ғимараты |
1 |
37. |
405 |
М.Түймебаев ауылы, "Первомайские пруды" әскери қалашығы № 8 Б/1 |
1 |
38. |
409 |
Төле би ауылы, А.Қарсақбаев көшесі, №16 А № 37 орта мектеп ғимараты |
1 |
39. |
413 |
Көкқайнар ауылы, Бәйтерек көшесі, №97 А № 44 орта мектеп ғимараты |
1 |
40. |
970 |
Жәпек батыр ауылы, Школьный ықшам ауданы № 51 орта мектеп ғимараты |
1 |
41. |
1009 |
Көкқайнар ауылы, Ақжол саяжайы, Бөгенбай батыр көшесі, №3156 "Менің мектебім" ЖШС ғимараты |
1 |
42. |
416 |
Байкент ауылы, Доскеев ықшам ауданы, №170 Б "NOVA INVEST" ЖШС ғимараты |
1 |
43. |
418 |
Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі, №11 "Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебі" МКМ ғимраты |
6 |