
VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 46 сессиясы 2026 жылғы 18 ақпан күні сағ: 11:00 – де аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 10:00 де өткізіледі.
Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады:
1. Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
2. Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
3. Ауданда жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы.
4. Қосымша мәселелер.