2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

    Орган
    mfa-tashkent
    Орны
    Казахстан
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы
    ОбъявлениеАяқталды

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

    2026 жылғы 11 ақпан

    Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.

    2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

    3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

    4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

    5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

    6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының

    Президенті Қ.Тоқаев

    Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан

    № 1170

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

    Двусторонние отношения

    Ұқсас материалдар

    ВыставкаАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

    « Astana Eurasian Book Fair -2026»: елордада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астанаmfa-tashkent
    СаммитАяқталды

    Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді

    2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шара мақсаты - қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру. Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде. Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар: Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық; Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі Табиғи ресурстарды орнықты басқару; Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару; Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері; Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең; Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер; Климаттық өтуді қолдау. Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарлануда. 2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын. Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia. Толық ақпарат https://res2026.kz/ веб-сайтында.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астанаmfa-tashkent
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

    2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауы мен жәрдемі арқылы Қазақ киносының күндері өтті. Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Өзбек көрерменіне қазақ кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін бейнелейтін «Әміре», «Дос-Мұқасан» және «Паралимпиец» көркем фильмдері ұсынылды. Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі бауырлас халық арасындағы мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Ташкент қаласында Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

    13 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    Ташкентmfa-tashkent
    ВыставкаАяқталды

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

    2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті. Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында Қазақстан мен Өзбекстан мәдениеті мен өнеріндегі ең ірі оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың көрнекті суретшісі Орал Тансықбаевтың (1904–1974) шығармашылығына арналған салтанатты көрме ашылды. Көрме Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның бастамасымен Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры ұйымдастырды. Іс-шаранының өтуіне Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі де қолдау көрсетті. 124 туындыдан тұратын экспозицияны Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші музейлерінің қорларынан әкелінген, әлемге танымал өнертанушы, халықаралық көрмелердің кураторы Зельфира Трегулова таныстырды. Көрмеге Өзбекстан Олий Мажлисінің Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Садык Сафаев, Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Креативті экономика және туризм департаментінің басшысы, Мәдениет және өнерді дамыту қорының төрайымы Гаянэ Умерова, Қазақстан мен Өзбекстанның белгілі суретшілері мен өнертанушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, түрлі мемлекеттердің дипломатиялық корпусы, БАҚ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты. Орал Тансықбаев көрмесі – Орталық Азияның сұлулығы мен рухын бейнелейтін аңызға айналған картиналарды көруге бірегей мүмкіндік. Экспозицияда белгілі пейзаждар, портреттер мен тақырыптық туындылар ұсынылған. Суретші ұлттық колоритті жаңашыл өнер тәсілдерімен ұштастыра білді. Бұл көрме ұлы шеберді еске алу ғана емес, жас суретшілерді шабыттандыруды да мақсат етеді. Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде: «Тансықбаев мұрасы – тек Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл ортақ шаңырағымыз – Орталық Азияның қазынасы. Оның картиналары – біздің тарихымыз, біздің жанымыз. Оның шығармашылығы халықтарымызды біріктіретін тамырды тереңірек түсінуге көмектеседі», – деп атап өтті. 🖼Көрме 2025 жылғы 20 қарашаға дейін жалғасады.

    3 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Галерея изобразительного искусства Узбекистанаmfa-tashkent
    ФорумАяқталды

    Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері

    🇰🇿🚑🇺🇿Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері бірегей жобасы басталды. Іс-шараға Қазақстаннан келген 100-ге жуық түрлі саладағы дәрігерлер қатысуда. Олар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Ферғана облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын, консультациялар мен хирургиялық операциялар өткізеді және оқыту семинарларын ұйымдастырады. Медицина күндері 5 күнге созылып, Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау министрлері қатысатын ірі екіжақты медициналық форуммен аяқталады. Жоба барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сырдария және Жызақ облыстары тұрғындарына бастапқы медициналық тексеру жүргізу үшін төрт мобильді медициналық кешенді ұсынады.

    13 қазан 2025 ж.Тікелей
    Ташкент, Фергана, Самарканд, Бухара, Нукусmfa-tashkent
    Международный форумАяқталды

    Astana Think Tank Forum, 2025 жылғы 15–16 қазанда Астанада өтеді

    Халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіріп, поляризациядан әріптестікке қалай өтуге болады? Астана диалогқа шақырады Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15–16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді. Бұл Астана халықаралық форумы (AIF) аясында өткізіліп отырған және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастыратын сараптамалық орталықтардың екінші форумы. Өткен жылы ауқымды шараға 22 елден 45 сарапшы қатысты. Осы уақыт ішінде Astana Think Tank Forum халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаудың беделді жаһандық сараптамалық алаңына айналды. Тоғыз сессия аясында тиянақты талқылау үшін жетекші державалардың бәсекелестігі жағдайындағы көпжақты ынтымақтастықтың келешегі, қауіпсіздік архитектурасының трансформациясы және ядролық қарусыздану мен таратпау мәселелері, жаңа геосаяси жағдайда Орталық Азияның орны және Ауғанстан факторы, жаһандық нарықтардың фрагментациясы кезеңіндегі инвестициялар, Еуразиядағы сауда-көлік дәліздерінің дамуы, жасанды интеллект және оған қатысты этикалық мәселелер, климаттың өзгеруі мен су ресурстарына қатысты проблемалардың демографиялық үдерістер мен көші-қонға ықпалы секілді маңызды тақырыптар алынды. Astana Think Tank Forum зерттеушілер, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, үкіметтер мен іскер топтар арасында ашық және сындарлы диалогты дамытуға бағытталған. Форум міндеттеріне әлемде тұрақтылық пен сенімнің артуына ықпал ететін инклюзивті және ұзақ мерзімді ынтымақтастық форматтарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастардағы әріптестікті дамытуға үлес қосатын жауапты және белсенді «орта держава» ретіндегі позициясын нығайту кіреді. Форум туралы ақпаратты AIF – astanainternationalforum.org сайтынан табасыз.

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    Астанаmfa-tashkent
    Международный форумАяқталды

    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді

    «Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал» форумы Қазақстан елордасында өтеді 2025 жылғы 4-5 қыркүйекте Астана қаласында Astana International Forum қолдауымен жылдың басты қаржылық іс-шараларының бірі – VIII Astana Finance Days (AFD) форумы өтеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы – «Болашақтың негізін қалайтын капитал». Тақырып ағылшын тіліндегі «capital» сөзінің қос мағынасын: біріншісі, Астана – Қазақстанның астанасы (capital) және Шығыс пен Батыс тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы, екіншісі мағынасы – орнықты өсудің қозғаушы күші ретінде капиталды (capital) білдіреді. Әлемде капитал үшін қызу бәсеке күшейген бүгінгі заманда қолдағы ресурстарды ұтымды пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономиканы өсіруге және технологияны ілгерілетуге дейінгі сын‑қатерлерді жеңудің негізгі кепіліне айналып отыр. Биыл Astana Finance Days-те әлемнің 70-тен астам елінен 5 000-нан аса қатысушы – брокерлер, банкирлер, инвесторлар мен инноваторларды қоса алғанда, қаржы және технологиялық сектор, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің басы қосылады деп жоспарланып отыр. 2025 жылғы форумның үш негізгі тақырыптық бағыты бар: қаржылық капитал, инфрақұрылымдық капитал және институционалдық капитал. Бұл әртүрлі тақырыптарды қамтуға мүмкіндік береді: спикерлер қаржы, финтех және тұрақты даму саласындағы өзекті үрдістерді, реттеу жүйесіндегі өзгерістерді және жаңа қаржылық өнімдер – дәстүрлі портфельдік инвестициялардан бастап криптовалюталарға дейін талқылайды. Форумның басты спикерлерінің бірі – әйгілі футуролог, кәсіпкер әрі “Банк 4.0: Жаңа қаржылық құбылыс”, “Техносоциализм. Теңсіздік, жасанды интеллект пен климаттың өзгеруі қалай жаңа әлемдік күн тәртібін қалыптастырады”, “Кеңейтілген кеңістік дәуірі” және басқа да әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болмақ. Сонымен қатар спикерлер қатарында: “РАКУРС” экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Teniz Capital Investment Banking директорлар кеңесінің мүшесі Ғалым Хусаинов, Brookfield компаниясының басқарушы серіктесі әрі Таяу Шығыс бойынша жетекшісі Жад Эллаун, Goldman Sachs компаниясының серіктесі Рияд Юсуф, BNY Mellon халықаралық бөлімінің басшысы әрі аға атқарушы вице-президенті Хани Каблави, Janus Henderson Investors компаниясының Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азия бойынша жетекшісі Мешаль Джабер Әл-Фарас, сондай-ақ жеке бизнес, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың басқа да жетекшілері бар. Биылғы форумның ерекшелігі AFD Exhibition Hub – Astana Finance Days бірыңғай көрме платформасы болмақ. Ол капитал және цифрлық инновациялар нарығында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді және оң шешімдерді көрсетуге, нарықтағы позицияны жақсартуға және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға арналған кеңістікті ұсынады. Форум ұйымдастырушысы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Global Financial Centres Index рейтингіне сәйкес Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы. Astana Finance Days 2025 алтын серіктестер: Freedom Broker және KAZ Minerals, күміс серіктестер: Solidcore Resources, ITS және MYD Production, қола серіктестер: ERG, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, өнеркәсіптік серіктес Allur және басқаларының қолдауымен өтеді. Осы сілтеме бойынша Astana Finance Days бағдарламасымен толығырақ танысып, тіркелуге болады.

    4 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Астанаmfa-tashkent
    КонференцияАяқталды

    ТМД-ға қатысушы елдердің талдау орталықтары халықаралық конференциясы «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа күн тәртібі»

    2024 жылғы 26 қыркүйекте Ташкент қаласындағы Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің талдау орталықтары халықаралық конференциясы «Ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа күн тәртібі» тақырыбында өтті. Конференцияның басты мақсаты – ТМД елдеріндегі процестерді терең талдау, перспективалар мен іске асырылмаған мүмкіндіктерді зерттеу, сондай-ақ тұрақты дамуға төнетін ықтимал қауіптерді бірлесіп бағалау. Конференцияға ТМД елдерінің сыртқы саясат институттарының жетекшілері мен сарапшылары, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Сыртқы саяси зерттеулер институты төрағасының орынбасары Амангелді Таженов және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әлия Мұсабекова қатысып, өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Конференцияның басты оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды. Соңғы жылдары геосаяси жағдайдың қарқынды өзгеруі аясында талдау орталықтарының маңызы айтарлықтай арта түскенін атап өткен жөн. Бүгінде бұл ұйымдар стратегияларды әзірлеуде, жаһандық үрдістерді талдауда және жаңа сын-тегеуріндерге бейімделу үшін шешімдер ұсынуда маңызды рөл атқарады. Осы орайда, осындай орталықтардың бірлескен жұмысы сараптамалық білімді біріктіруге, озық аналитикалық әдістермен алмасуға және үкіметтер үшін кешенді ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

    26 қыркүйек 2024 ж.Тікелей
    Ташкентmfa-tashkent
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.